Бейсенбі, 17 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 5767 1 пікір 15 Мамыр, 2018 сағат 12:38

Қанат Исламның кезекті жекпе - жегі белгілі болды

Бірінші орта салмақта бақ сынайтын қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламның қашан және кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Vesti.kz парталы таратқан мәліметтерге сүйенсек, отандасымыз 14 тамызда жапон боксшысы Йошихиро Камегаимен (27-4-2, 24 КО) жұдырықтаспақ. Жекпе-жек АҚШ-тың Калифорния штатында өтеді. Алайда, кездесудің нақты қай аренада болатыны әзірге белгісіз.

Йошихиро Камегаи кәсіпқой бокста 33 жекпе-жек өткізген. 27 рет жеңіске жеткен. 24 қарсыласын нокаутпен ұтқан. 4 рет жеңіліп, 2 рет қарсыласымен тең түскен. Ал Қанат Ислам осыған дейін 25 жекпе-жек өткізіп барлығында жеңіске жеткен. Оның 20-сын нокаутпен ұтқан болатын.

Айта кетейік, Қанат Ислам ақпан айында танымал менеджер Эгис Климаспен келісімге келіп, АҚШ-тағы жаттығуын бастаған еді. Ол соңғы кездесуін 2017 жылдың 9 қыркүйегінде Астана қаласында өткізіп, канадалық Брэндон Кукты (18-1, 11 КО) тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңген еді. Осылайша отандасымыз WBO NABO және WBA Inter-Continental чемпиондық белбеулерін сақтап қалған.

Мұрат Рахымжанов

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1279
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2824
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 925
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 872