Сенбі, 23 Қараша 2024
Тура жол 3434 10 пікір 17 Мамыр, 2018 сағат 09:45

Шенеуніктерге діни топтарға кіруге тыйым салынады

16 мамырда Мәжілісте "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" заң жобасы қаралып, бірінші оқылымда мақұлданды.

Жобада “деструктивті діни ағым”, “діни радикализм” ұғымдары бар.

“Бұл ұғымдарды енгізу сонымен бірге деструктивті діни ағымдардың таралуы және олардың атрибуттары мен сыртқы белгілеріне тыйым салу - қоғамға бөтен идеологияның енуіне тойтарыс беруге мүмкіндік тудырады” деді заң жобасын депутаттарға таныстырған Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Калетаев.

Министрдің айтуынша, заң жобасының мақсаты – “мемлекет пен конфессиялар арасындағы қарым-қатынасты жетілдіру, діни қызмет субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін нақтылау, дін саласын реттеу”.

Құжатта мемлекеттік қызметкерлердің діни әрекеттеріне байланысты пунктер бар. Атап айтқанда, заң жобасы бойынша мына әрекеттерге тыйым салынған: қызметтік мүмкіндікті діни бірлестіктің мүддесіне пайдаланбау, қарамағындағыларды діни қызметке мәжбүрлемеу және діни бірлестік құрмау немесе мүшесі болмау.

Бұдан бөлек, заң жобасында діни бірлестіктердің қызметін бақылау, жазалау мекемелеріндегі сотталушылардың діни әрекетін реттеу, шетелде діни білім алуға қатысты мәселелер қамтылған.

Жоба қоғамдық орындарда ниқаб киюге, құлшылық ету орындарынан бөлек жерде неке қиюға тыйым салады. Бұл талаптарды бұзғандарға айыппұл салынады.

Бұған қоса, діни мекемелердің ашықтық мәселелері де қарастырылған.

- Діни бірлестіктердің қаржы қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша нормалар ұсынылды. Осы мақсатта жобаға олардың ішкі қаржылық есептерін міндетті түрде жүргізу талаптары енгізілді. Осы есептерді бұқаралық ақпарат құралдарында жыл сайын жариялау көзделген. Халықаралық тәжірибеде бұл кеңінен қолданылатын заңнамалық талап, - деді Дархан Кәлетаев.

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5498