Сенбі, 23 Қараша 2024
3153 0 пікір 17 Мамыр, 2018 сағат 09:56

Үкімет басшысы ДСҰ бас директорының орынбасары Алан Вулфпен кездесті

Астанада ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстан елордасына XI Астана экономикалық форумына қатысу үшін келген Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) бас директорының орынбасары Алан Вулфпен кездесу өткізді. Бұл туралы primeminister.kz сайты жазды.

Кездесу барысында Қазақстанның ДСҰ-мен ынтымақтастығын одан әрі нығайту, сауда-саттық рәсімдерін жеңілдету бойынша ДСҰ-ның келісімін тиімді іске асыру, сонымен қатар көпжақты сауда жүйесіне Орталық Азия аймағын белсенді ықпалдастыру мәселелері талқыланды. Бұдан өзге, электрондық сауда-саттықты дамыту, инвестицияларды ынталандыру, шағын және орта кәсіпорындарды халықаралық сауда-саттыққа интеграциялау мәселелері қаралды.

 

Анықтама: ДСҰ құрылуының ресми күні — 1995 жылғы 1 қаңтар. Ұйымның штаб-пәтері Женева қаласында (Швейцария Конфедерациясы) орналасқан. 2017 жылғы 1 қыркүйектен бастап Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры болып Роберто Азеведо тағайындалды, ол екінші 4 жылдық мерзімге қайта сайланды. 2013 жылғы 1 қыркүйекте Р. Азеведо Дүниежүзілік сауда ұйымының алтыншы Бас директоры болды.

2017 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 164 мемлекет ДСҰ-ның толық құқықты қатысушысы болып табылады, олардың үлесіне әлемдік тауар айналымының 98% тиесілі.

Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 30 қарашада Дүниежүзілік сауда ұйымының толыққанды мүшесі болды. 21 мемлекет ДСҰ-ға бақылаушы мәртебесіне ие және олардың көпшілігі осы Ұйымға қосылу туралы келіссөздерді жүргізіп жатыр. 60-тан астам халықаралық ұйым ДСҰ түрлі құрылымдарында бақылаушы мәртебесіне ие.

Қазақстанның ДСҰ-ға мүшелік етуінің алғашқы 2,5 жылында еліміздің Ұйым жұмысына белсенді қатысуы байқалады. 2017 жылы Сауда және қоршаған орта жөніндегі ДСҰ Комитетінің төрағалығын сәтті аяқтағаннан кейін Қазақстан 2018 жылы ДСҰ-ның Сауда-саттық қызметтері бойынша арнайы сессиясының төрағасы ретінде сайланды, бұл елімізге деген мүше елдердің сенімі мен Қазақстанның жоғары беделін көрсетеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5499