Білім саласында атқарылған жұмыстар баршылық - К.Ғалиева, БҚО
ОРАЛ. 7 ақпан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Елбасының ұстанған саясатының дұрыстығын еліміздегі елеулі өзгерістер арқылы көріп отырмыз.
Халықтың әлеуметтік жағдайы жылдан-жылға жақсара түсуде. Елбасының жыл сайынғы Жолдауында білім сапасын көтеру, мұғалім беделін асқақтату және жалақыны көбейту мәселелері айтылып келеді. Білім саласында атқарылған жұмыстар көп. Елбасы халыққа арнаған биылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауында «Еліміз білім беру ісін дамытуда 129 елдің арасында көш бастап келеді», - деуі - соның айғағы. Бүгінде білім қызметкерлерінің жағдайы кешегіден ілгеріледі. Бұл туралы Ақжайық ауданы Еңбекші негізгі мектебінің директоры Күләш Ғалиева мәлім етті.
Оның айтуынша, бұрынғы бөлімше орталығында орналасқан шағын ауылдық мектепте 67 бала оқиды. Оларға 20 шақты мұғалім білім мен тәрбие беруде. Мектепте компьютер класы ашылып, жұмыс істеуде. Өткен жылы «Балапан» бағдарламасы бойынша іске қосылған шағын орталықта 25 балдырған тәрбиеленуде. Бастауыш кластың 33 оқушысы ыстық тамақпен қамтылған. Сонымен қатар аз қамтылған отбасылардың балаларына да осындай қамқорлық көрсетілуде.

«Ауылдағы мәдениеттің шамшырағы, тәрбие орталығы саналатын мектептің педагогикалық ұжымы Елбасының саясатын толық қуаттайды және алдағы сәуір айында өтетін ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына бір кісідей қатысып, Елбасыға дауыс береміз. Биыл ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы» ұранымен атап өтіледі. Соған орай тәуелсіздігіміздің құндылығын оқушылардың санасына сіңіру үшін түрлі іс-шараларды ұйымдастырып, өткізуді бастап та кеттік», деді К.Ғалиева.