Сенбі, 23 Қараша 2024
3428 0 пікір 18 Мамыр, 2018 сағат 09:50

Қырғыз парламентінде Атамбаевты жауапқа тартуын талап етті

Бішкек ЖЭЦ-індегі апат себептері мен оны жетілдіруге бөлінген қаражаттың жұмсалуын тексеру жөніндегі депутаттық комиссияның қорытындысын үш күн бойы талқылаған Жогорку Кенеш қаулы қабылдады.

Бас прокуратураға ЖЭЦ-ті жетілдіру келісім-шартын дайындаған және нысанды қабылдап алған мемлекеттік қызметкерлердің әрекетіне құқықтық баға беру тапсырылды. Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті және Есеп палатасы үш айдан соң тексеру барысы туралы парламентке есеп беруі тиіс.

Парламент қаулысында экс-президент Алмазбек Атамбаевтың жауапкершілігін қарау туралы тармақ бар. Парламент отырысындағы пікірталас кезінде депутат Исхак Масалиев елде жауапқа тартуға болмайтын бір-ақ адам барын, ол – экс-президент екенін мәлімдеді.

"Егер мен экс-президентті жауапқа тарту керек десем, оны жауапқа тартады дегенді білдірмейді. Мен заңды өзгертуді ұсынамын. Қазіргі президентті импичмент арқылы жауапқа тартуға болады, депутатты да жауапқа тартуға болады. Бірақ экс-президентті ешкім ешқашан жауапқа тарта алмайды. Қырғызстанда жалғыз адам ғана жазаға тартылмайтынының өзі Конституцияға қайшы келеді. Ата заңның бірінші бабында заң алдында барлығы тең делінген. Біз экс-президенттің осы іс бойынша жауапкершілігін қарастыруымыз керек", - деді Масалиев.

2017 жылы қытайлық ТВЕА компаниясы Бішкек ЖЭЦ-ін 386 млн долларға жетілдіру жұмысын аяқтады, қаражатты Қытайдың Эксимбанкі несие түрінде бөлген.

2018 жылы 26 қаңтарда ЖЭЦ-те апат болып, астаналықтар бір апта жылусыз қалды. Бас прокуратура қылмыстық іс қозғады, энергетика секторының бірнеше басшысы ұсталды. Парламент апат себептері мен ЖЭЦ-ті жетілдіруге бөлінген қаражаттың жұмсалуын тексеру жөнінде депутаттық комиссия құрды. Қытайдан несие алу туралы келісімге қол қойғандардың арасында бұрынғы үкімет басшылары мен министрлер - барлығы 30 адамның аты-жөні бар.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475