Сенбі, 23 Қараша 2024
3563 0 пікір 18 Мамыр, 2018 сағат 10:09

Қасым-Жомарт Тоқаев Пан Ги Мунмен кездесті

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы, Жаһандық жасыл өсім институтының төрағасы Пан Ги Мунмен кездесті.

Қ.Тоқаев БҰҰ құрылымдарындағы бірлесе атқарған қызметі мен осы маңызды халықаралық ұйымды реформалау ісіндегі ынтымақтастықты ризашылықпен еске алды. Сенат Төрағасы 2030 жылға дейінгі Орнықты даму мақсаттары мен Климат жөніндегі Париж келісімі секілді іргелі құжаттардың қабылдануына Пан Ги Мунның үлесін ерекше атап өтті.

«Қазақстан БҰҰ-ның халықаралық қатынастардағы басты рөлін нығайтуды дәйекті түрде жақтап келеді. Оның басшысы болған кезіңізде қолға алған басымдықтар біздің еліміздің барлық бағдарламалық құжаттары мен жүргізіліп жатқан реформаларында көрініс тауып отыр», - деп атап өтті Қ.Тоқаев.

Пан Ги Мун жаһандық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстанның және Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күш-жігерін жоғары бағалады және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің құрамындағы еліміздің нәтижелі қызметін атап өтті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475