Сенбі, 23 Қараша 2024
3295 0 пікір 18 Мамыр, 2018 сағат 10:30

Вице-премьер Асқар Жұмағалиев қазақстандық IT-компаниялармен кездесті

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев қазақстандық IT-компаниялармен кездесті.

Іс-шараға ұлттық компаниялар мен мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ 30-дан астам отандық АТ-компаниялар қатысты.

Кездесу барысында ««Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Руслан Еңсебаев  мемлекеттік органдар жүргізген Yellow Pages жобасы, Open API технологиялары және венчурлық қаржыландыру бойынша цифрландыру күндері туралы әңгімелеп берді.

Жыл басынан бері цифрландыруға 176 компания қатысты. Руслан Еңсебаевтың айтуынша, сегіз IT-компания мемлекеттік бағдарламаның жеті жобасына арналған дайын шешімдер ұсынды, 37 жобаны компаниялар толық қарастыруда. Цифрландыру күнінде АТ-секторының өкілдері квазимемлекеттік ұйымдардың АТ-функцияларды қайталауы туралы мәселені көтерді. "Зерде" Холдингі жүргізген талдау нәтижесінде АТ-функцияларды жүзеге асыратын 33 кәсіпорын мен ұйым анықталды. Қазіргі кезде осы ұйымдардың жарғыларынан ұқсас функцияларды алып тастау бойынша жұмыс жүргізілуде.

Асқар Жұмағалиев мемлекеттік органдар әзірлемелерді бюджеттік қаражат есебінен жүргізуі қажет еместігін атап өтті. Егер нарықта дайын шешімдер болған жағдайда, онда жобалар мемлекеттік-жеке меншік серіктестік қағидасы бойынша іске асырылуы мүмкін.

Компаниялардың өкілдері барлық цифрландыру жобаларына қатысуға ниет білдірді. Бұдан басқа, отандық әзірлеушілер халықаралық нарықта бәсекелестікке дайын. Осыған байланысты, олар көршілес елдерге іссапарлар циклын ұйымдастыруды ұсынды.

Асқар Жұмағалиев бүгін қазақстандық компанияларды қолдау бойынша сапалы шаралар қабылданатыны туралы айтты. Алайда кәсіпкерлер өз қызметтері мен шешімдерін өздері белсенді ілгерілетіп, бәсекелестікке үйренулері керек. Осы мақсатта Астана хаб базасында қазақстандық кәсіпкерлер үшін маркетинг және бизнесті ілгерлету бойынша арнайы курстар ұйымдастырылады.

Бұдан басқа, Вице-премьер АT-компанияларды үкіметтік жиналыстарға қатысуға шақырды.

 

- АТ-қауымдастық басшыларына, менің басшылығыммен өткізілген барлық ведомствоаралық комиссияларға қатысуды ұсынамын. Сондай-ақ, бейне конференциялар байланысы арқылы жұмыс жиналыстарыма қатысуға мүмкіндік береміз. Ол үшін Астана және Алматы қалаларында 2 орын дайындалған. Менің жиналыстарымның кестесін data.egov.kz порталынан таба аласыздар. Үйлестіру жұмыстарымен Ақпарат және коммуникациялар министрлігі айналысатын болады, - деді Асқар Жұмағалиев.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475