Жұма, 18 Сәуір 2025
2845 1 пікір 20 Мамыр, 2018 сағат 11:54

Алматыда Әбіш, Фариза, Батырхан атындағы көшелер болуы мүмкін

 

Алдағы күндері Алматы қаласында 160 көшенің аты өзгеріп, жаңаланбақшы. Мегаполисте жалпы 2,5 мың көше бар. Сол көшелердің 350-і аттас көшелер. Аты жоқ көшелер де жетіп артылады. Осы аттас көшелер мен атсыз көшелер жедел жәрдем қызметі мен өрт сөндірушілердің жұмысына кедергі келтіріп, шатастыруда. Мысалы бір ғана Алатау ауданында 118 көшенің аты бір бірін қайталап тұр деп хабарлайды «Алматы» арнасы. Аталған ақпарат көзінің хабарлауына қарағанда, алдағы күндері Бостандық ауданындағы 46 көшеге жаңа тақтайшалар қағылмақ. Егер республикалық ономостикалық комиссия құптап жатса, Алматыда жазушы Әбіш Кекілбаев, ақын Фариза Оңғарсынова, әнші Батырхан Шүкенов атындағы көшелер болуы мүмкін.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2006
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4861
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4060