Сенбі, 23 Қараша 2024
3163 0 пікір 21 Мамыр, 2018 сағат 08:52

Ұялы байланыс компаниялары шығынға ұшырап жатыр

Тәжікстан үкіметі жанындағы байланыс қызметі былтырғы жылдың қорытындысы бойынша интернет-провайдерлер мен ұялы компаниялардың табысы 176 млн сомониға ($20 млн.) кемігенін мәлімдеді. Алайда «Тәжіктелеком» ұлттық байланыс операторының табысы біршама көбейген.

Байланыс қызметінің есебіне сәйкес, 2017 жылы мемлекеттік және жекеменшік байланыс мекемелерінің табысы 2 млрд 672 млн сомониды құраған. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 176 млн сомониға аз.

Осының алдында "Тәжіктелеком" жанындағы Біріңғай коммуникациялық орталық тек ғана халықаралық қоңырау транзиті үшін ай сайын орта есеппен 2,1 млн доллар кіріс кіреді деп мәлімдеген. Өткен айда Тәжікстанның Салық комитеті биылғы жылдың алғашқы тоқсанының қорытындысы бойынша интернет-провайдерлер мен мобильді компаниялар миллиондаған шығынға ұшырағанын, соның салдарынан бюджетке салық есебінен 115 млн сомони (13 млн $) түспегенін хабарлаған еді.

10 жыл бұрын Тәжікстанда мобильді нарық қатты дамыған. Ол кезде мобильді нөмірлерді сатқаны үшін акциздік салық болмаған. 2015 жылдың желтоқсан айында ел үкіметі барлық халықаралық байланыс қызметі тек "Тәжіктелеком" арқылы жүргізіледі деген қаулы шығарған.

Ал қазіргі мобильді байланыс дағдарысынан Тәжікстаннан бірқатар компаниялары кететінін жариялады. Бірер күн бұрын TK Mobile компаниясы банкрот деп жариялауға дайын екенін, тәжік нарқынан кететінін мәлімдеді. Veon холдингі де Тәжікстандағы бизнесін сататынын хабарлады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435