Сенбі, 23 Қараша 2024
2972 1 пікір 21 Мамыр, 2018 сағат 08:55

Сирия: "Ислам мемлекеті" тобы Ярмук анклавынан шықты

Сирияның адам құқықтары жөніндегі тобы "Ислам мемлекеті" террористік ұйымы жексенбі күні Дамаск түбіндегі Ярмук анклавынан шығарылды деп мәлімдеді.

Рейтер агенттігінің хабарлауынша, бұл аймақты енді Сирия президенті Башар Асад қайта бақылауына алады.

Сирияның мемлекеттік ақпарат құралдары Ярмуктағы босқындар лагерінен исламшылардың кетуіне мүмкіндік беретін келісім жөнінде тіс жармады. Сенбі күні Сирия әскеріндегі дереккөз қандай да бір келісімге келгендіктерін теріске шығарды.

Ярмук анклавына бақылауды қалпына келтіру арқылы Сирия үкіметі батыс аймақтағы көтерілісшілер қолындағы соңғы ауданды жояды. Бірақ әлі де Түркия, Ирак және Иорданиямен шекаралас аумақта Асад режиміне бағынбайтын аймақтар бар.

Мониторинг тобының өкілдерінің хабарлауынша, содырлар мен отбасы мінген автобустар түнде анклавтан шығып кеткен. Олар Дамаскінің шығысындағы Әл-Бадия жазығына қарай бет алған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5445