Полиция басшысының сөздерінше, бір саперды кепілдікке алған. Белгілі болғандай, саперларды "Aims De-mining" компаниясы Түркіменстан-Ауғанстан-Пәкістан-Үндістан (ТАПҮ) газ құбыры жобасы бағытындағы жолдарды минадан тазалау үшін, жұмысқа алған.
Бұл оқиға Майванд ауданында Маланг Кариз деген жердегі миналарды тазалап жатқан кезде болған. Генерал Разиктің айтуынша, оларға "Тәлибан" қозғалысының содырлары шабуылдаған. Бірақ тәлібтер әзірге қанды оқиғаны мойындарына алмады.
Осының алдында "Тәлибан" қозғалысы жобаны қолдайтындарын мәлімдеген.
Инвесторлар ТАПҮ жобасының Ауғанстан бөлігі үшін ақша салуға қорқып отыр. Бұл жоба жүзеге асу үшін, кемінде 10 млрд АҚШ доллары керек. Құрылыс шығынының 85 пайызын Түркіменстан өзіне алып отыр.
Abai.kz