Еуропалық сыртқы саясат қызметінің сейсенбі күні, 22 мамырда таратқан мәлімдемесіне сәйкес, қақтығыс кезінде Mossawa араб-израиль құқық қорғау ұйымының жетекшісі Жафар Фарах зардап шеккен.
Фарах Израиль полициясын өзін ұстаған кезде, "күш қолданып, аяғымды сындырды" деп айыптады. Израиль ақпарат құралдарының мәліметінше, полиция наразылық акциясына қатысушыларды ұстау кезінде Фарахтың аяғын сынғанын теріске шығарған.
Брюссель Израиль билігінің Human Rights Watch (HRW) құқық қорғау ұйымының аймақтық бөлімшесінің жетекшісі Омар Шакирдің визасын жарамсыз еткенін айыптады. Енді оны елден шығару қаупі тұр. "Еуропалық одақ Израиль бұл шешімді қайта қарайды деп үміттенеді, олай болмаған жағдайда Израиль HRW қызметкерлерін еліне жібермейтін мемлекеттер тізіміне енеді",– делінген мәлімдемеде.
Abai.kz