Сәрсенбі, 16 Сәуір 2025
2886 0 пікір 23 Мамыр, 2018 сағат 08:37

Мәскеу Интерпол арқылы ИМ-нің мүшесі деген 28 Тәжікстан азаматын іздеп жатыр

Ресей билігі Интерпол арқылы "Ислам мемлекеті" (ИМ) террористік тобының мүшесі болған Тәжікстанның 28 азаматын іздеп жатыр.

Олардың дені Ресей аумағында жүріп теракті жасауға қатысқан, Сириядағы соғыс алаңына жастарды тартқан және тыйым салынған діни ағымдарды таратқан.

Таяуда ғана Red Notices халықаралық полицияның қызыл тізімінде 32 жастағы Рудаки ауданының тұрғыны Абдушахид Турсуновтың (лақап аты Абу Саид) бары белгілі болды. Ол 2014 жылы Ресей арқылы Сирияға кеткен.

Тәжікстан тергеу орындарындағы дереккөздің хабарлауынша, Абдушахид Турсуновқа өзінің отанында терроризмге қатысты айып тағылған. Ол 2015 жылы ел президенті Эмомали Рахмонға қастандық жасамақ болған екен. Бұл қылмыстық іске қатысты екі азамат - Дилафруз Холова мен Изатулло Фузайлов сотталған.

Мемлекет басшысын 2015 жылдың қыркүйек айында Вахдатқа сапары кезінде өлтірмек болған. Дилафруз Холова Сириядағы Абушахид Турсунов (Абу Саид) арқылы Гулмурод Халимовпен (Тәжікстан ІІМ ОМОН-ның бұрынғы басшысы, 2015 жылы ИМ қатарына қосылған) байланысқа шықпақ болған.

Ресми мәліметке қарағанда, 2,5 мыңнан астам Тәжікстан азаматына Интерпол арқылы терроризм мен экстремизм айыбы бойынша іздеу жарияланған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1942
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4756
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3909