Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2291 0 пікір 8 Ақпан, 2011 сағат 22:16

Аягөз Дәкен. Алтынды алдым, туыңа түкіргенім бар

Қазақстанға Азия ойындарының 32-і алтынын сыйлаған хоккейден ерлер командасы сөз жоқ ерледі. Осыдан төрт жыл бұрын жапондарда кеткен есені өз жанкүйерлерінің алдында қайтарып, Азиаданың жеңімпазы атанған шайбалы хоккей шеберлеріне айтарымыз алғыс қана.
Алайда, көңілімізді түсірген мына оқиғаны көрген көзде жазық жоқ. «Қазақстан» спорт  сарайына жиналған жанкүйер қуаныштан бөркін аспанға атып жатқан тұста бапкерлердің біреуі көк байрағымызды шетте тұрған ойыншының иығына жапты. Әлгі хоккейші туды қасындағы жолдасының арқасына іле салғаны сол еді, ол басқа бір чемпионға байрақты ысыра салды. Осылайша, көк байрағымыз қолдан қолға өтіп барып, Вадим Краснослободцевке келгенде тұрақтады.
Финалдық матчтың үздік ойыншысы атанған Вадим қолындағы сырғытпа таяғына асықпай туды байлап жатқанын көріп, қазір айдынды айнала желбіретеді деп ойлағанбыз. Ол ойымыз да қате болып шықты.  Қазақстандық ойыншыларға алтын медаль мен естелік сыйлықтарды тапсырар тұста Вадим таяғымен қоса, байрағымызды жерге тастай салды.
Ел әнұраны аспанадаған сәтте де әлгі ту байланған таяқты көкке көтерген ешкім болмады.  Байрағымызды биік ұстап, айдынды бір айналып өту соншалықты қиын шаруа да емес. Осыған ойы жетпеген хоккейшілерге не уәж айтамыз?!  Әлде, оларға ұлттығымызды білдіретін нышанның құны бір тиын ба екен?!

www.masa.kz сайты

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5471