Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2496 0 пікір 9 Ақпан, 2011 сағат 09:39

Отан сақшылары ел мүддесін қорғап, саясаттан тыс болуы тиіс, деп есептейді Шабдарбаев

Алматы. 7 ақпан. ҚазТАГ - Расул Рысмамбетов. Отан сақшылары ел мүддесін қорғап, және саясаттан тыс болуы тиіс деп есептейді, Қазақстанның арнайы қызметінің ең танымал басшыларының бірі Амангелді Шабдарбаев. Ол өзінің осы ұстанымы туралы жақында жарық көрген «Мен жасаған таңдау...» атты кітабында ой бөліседі.

«Мен таңдаған мамандық менің өміріме көпшілік қауым үшін жабық, көзге көп көріне бермеу талабын қойды. Отан сақшыларының үлесіне Ел мүддесін қорғау, саясаткерлердің қабылдаған шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету, демек, саясаттан тыс, көпшілікке көріне бермей, қоғам мүддесінің фокусынан тыс өмір сүру бұйырған», - деді А. Шабдарбаев.  Ол бұрындары ҚР президенті күзетінің бастығы, ҚР ҰҚК төрағасы қызметін атқарған, қазір мемлекет басшысының кеңесшісі қызметінде.

Кітапта қазіргі заманғы Қазақстанның ең танымал тұлғалары Дінмұхамед Қонаев және Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге қызметтес болған адам өмірбаянының көпшілікке белгісіз фактілері бар. Басылымның басым бөлігі А. Шабдарбаевтың ұстаздарының, саясаткерлердің, шенеуніктер мен оның қызметтес әріптестерінің естеліктеріне арналған.

«Кітапты мемуар жанырына жатқызуға болмас. Бұл ең алдымен, мемлекеттік қайраткердің өзін тұлға, кәсіби маман ретінде қалыптастырған адамдар туралы шын көңілімен ой бөлісуі шығар. Кітап А. Шабдарбаевтың анасы - Ажар апаға арналған», - делінген басылымның аңдатпасында.

Өзінің естеліктерінде ҚазССР КП ОК бюросының бұрынғы мүшесі Кеңес Аухадиев А. Шабдарбаевтың адалдық қасиеттерін ерекше атап көрсеткен. «Кейін Қонаевтың күзетін таратып, барлығын жұмыстан қуып жіберді. Бірақ сонда да Аман өзінің қалауымен бір жыл бойына, ешқандай жалақысыз оның қасында қалды. Ал Д. А. Қонаев тұсында өскен кейбір жоғарғы лауазымды тұлғалар онымен амандасуға да қорқатын», - дейді ол.

1992-ші жылы енді ғана құрылған президентті күзету қызметін басқарған Сергей Синицын,  комитеттегі өзінің бұрынғы әріптесі, майор Шабдарбаев кезінде өзінің бастығын (Д. Қонаевты - ҚазТАГ) сатудан бас тартқанын білетін, және оны Нұрсұлтан Назарбаевқа кәсіби маман әрі өте сенімді, адал адам ретінде ұсынды. С. Синицин оған бұрынғы атақ шенінде қызметті жалғастыру туралы ұсыныс жасағанда, А. Шабдарбаевтан, ол жөнінде Димаш Ахмедұлынан рұқсат сұрауым керек деген жауап естігеніне шынымен таң қалғанын жазады.

«Әрине, бітпей қалған жұмыстар күйзелтеді... Және өмірді қайта бастауға мүмкіндік болса, мен бәрін де сәл бұрынырақ бастаған болар едім, ал басқа ешнәрсеге өкінбеймін. Мен, маған ең қымбат екі адамды - анам мен Димаш Ахмедұлын өмірінің соңғы жолына шығарып салдым. Олар маған ешқандай мін тақпайды деген үміттемін. Енді менде соңғы ұстазым қалды. Біздің бір бірімізге деген міндетіміз бар. Менің анам оған менің өмірімді тапсырған. Мен оған сөз бергенмін және оны сақтап келемін, мен үшін ол қасиетті сөз, және мен оның жүгін президенттің өзі алып тастамайынша арқалап жүре беремін», - деп ашығынан жарылады А. Шабдарбаев.

60 жасар генерал-лейтенант А. Шабдарбаев 1986-шы жылы КСРО ҰҚК қатарынан қуылғанға дейін Д. Қонаевтың жеке күзетін басқарған.  Одан кейін 1992-2009-шы жылдар аралығында ҚР президентінің жеке күзет қызметін, ҚР президентінің күзет қызметін басқарды, ҚР мемлекеттік тергеу комитетінің төраға орынбасары, «А» («Арыстан») қызметінің жетекшісі, ҚР ҰҚК төрағасы қызметтерінде болды. 2009-шы жылы А. Шабдарбаев ҚР президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5498