Жексенбі, 11 Мамыр 2025
3492 0 пікір 25 Мамыр, 2018 сағат 09:59

Путин мен Макрон Петербургте Украина, Иран және Сирия мәселелерін талқылаған

Франция президенті Эммануэль Макрон мен Ресей лидері Владимир Путин Петербург халықаралық экономикалық форумында кездесті. Олар Украина шығысындағы кикілжіңге байланысты Минск келісімінің орындалуы жайында және кибер қылмыспен күрес мәселелерін талқылаған.

Үш сағаттан астам уақытқа созылған кездесуде АҚШ-тың Иран ядролық келісімінен шығуы да сөз болған. Макрон келісім аясында Тегеран міндетін орындайтындай жағдайға жеткізуіміз керек деген. Франция президентінің сөздерінше, Құрама Штаттардың санкцияларына қарамастан еуропалық елдердің компаниялары Иранда болуына мүмкіндік жасау керек деген. Сирияға қатысты әңгімеде дағдарысты шешу үшін аймақтық державаның барлық тараптары бас қатысуы керек деп атап өткен Франция президенті.

Кездесу барысында екі елдің лидері мәдени мұра және атом энергиясын бейбіт пайдалануда қарым-қатынасты дамыту саласында келісімге қол қойған. Макрон кейбір халықаралық мәселелерде Ресейдің маңызды рөл ойнайтынын түсінетінін жеткізген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2063
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 3327