Жұма, 22 Қараша 2024
3923 3 пікір 28 Мамыр, 2018 сағат 09:26

Мирзияевті Нобель сыйлығына ұсынушылар шығып жатыр

Өзбекстанның Либеральды -демократиялық партиясы «Менинг фикрим» ("Менің пікірім") ұжымдық үндеу порталы президент Шавкат Мирзияевқа «Өзбекстан қаһарманы» деген атақ беруді ұсынады. Бұл ұсынысты он мың адам қолдаған.

Бұдан бөлек Либеральды-демократиялық партияның мүшесі әрі Наманган облыстық кеңесінің депутаты, Ұлттық телерадиокомпанияда режиссер болып жұмыс істейтін 50 жастағы Олимжон Тухтаназаров Шавкат Мирзияевті әлемдік Нобель сыйлығына ұсыну керек деп есептейді.

"Өкілеттігімді пайдаланып, Швейцариядағы Нобель сыйлығының құрылтайшыларынан (Нобель сыйлығын Швеция корольдік ғылым академиясы ұсынады – Ред.) Өзбекстан президентіне Нобельдің Бейбітшілік сыйлығын беруді сұраймын", – деп мәлімдейді Олимжон Тухтаназаров.

Ғасырдан астам тарихы бар Нобель сыйлығы жыл сайын физика, химия, физиология немесе медицина, әдебиет және бейбітшілікті нығайту жолындағы еңбектері үшін беріледі. Депутат Олимжон Тухтаназаровтың айтуынша, президент Мирзияев жоғарыдағы барлық номинацияларға лайық.

"Ол бұл номинациялардың бәріне, "әдебиет" саласы үшін де лайық. Ол әдебиетті дамытуға барлық жағдай отыр. Оған "бейбітшілікті нығайтқаны үшін" деген номинация бойынша да сыйлық тағайындауға болады. Өзбекстанда бейбітшілік патшалық құрып тұр. Мен тіптен жақында швейцарлықтардың (Швециямен шатастырып тұр – Ред.) өздері елге келіп, Юртбашына (Өзбекстанда мемлекет басшысын осылай атайды – Ред.) Нобель сыйлығын табыстап кетеді деп ойлаймын", – дейді депутат Олимжон Тухтаназаров.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5286