Жұма, 11 Қыркүйек 2026
5228 0 пікір 28 Мамыр, 2018 сағат 09:33

Маңғыстауда тепловоз жүк көлігімен соқтығысты

Маңғыстау облысында сенбі күні тепловоз темір жолға шығып кеткен жүк көлігін соққан. Полицияның хабарлауынша, төтенше оқиға салдарынан адамдар зардап шекпеген. Алдын ала болжамға сәйкес, темір жол өткеліндегі апат жүк көлігінің жүргізушісінің кінәсінен болған.

"ҚТЖ-Жүк тасымалы" компаниясы жексенбі күні төтенше оқиға мамырдың 26-сы күні Құрық-Порт-Ерсай темір жол бөлігінде болғаны туралы хабарлады. Ақпаратта "жүк көлігінің темір жолға кенеттен шығып кеткенін байқаған тепловоз машинисі тежегішті шұғыл іске қосқаны" айтылған.

Компанияның ақпараты бойынша, темір жолдың алдында автокөлік қозғалысына тыйым салатын STOP деген ескерту белгісін жүк көлігінің жүргізушісі елемей қойған. Жылдамдықпен келе жатқан тепловоз толық тоқтап үлгермей, жүк автокөлігін соққан.

"ҚТЖ-Жүк тасымалы" компаниясының баспасөз қызметі төтенше оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатқаны туралы хабарлады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1078
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2632
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 754
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 722