Жұма, 22 Қараша 2024
3873 2 пікір 29 Мамыр, 2018 сағат 10:11

Қ.Тоқаев: маусымда заң шығару жұмыстары қыза түседі

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенаты Бюросының отырысы болды, онда Мәжілістен түскен заң жобалары бөлініп берілді, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»; «Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң жобалары бойынша бас комитет болып белгіленді.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын одан әрі пысықтауға және қорытынды әзірлеуге Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті жауапты болды.

Парламент  Сенатының  31 мамырда болатын отырысының күн тәртібі белгіленді.

Сенаторлар «1992 жылғы 6 шілдедегі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық Сотының мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы»; «Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы»; «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы»; «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын қарайтын болады.

Сенат Төрағасы жоғарғы Палатаның алдағы заң шығару жұмыстары мен өткізетін шараларына әріптестерінің назарын аударды. 1 маусымда «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы туралы» парламенттік тыңдау болады. Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері Өзбекстан Олий Мәжілісі Сенатының тиісті комитетінің депутаттарымен 4 маусымда Сарыағашта парламентаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша кездесу өткізеді. «Мұндай сипаттағы кездесу алғаш рет, Қазақстандағы Өзбекстанның жылында өткелі отыр. Аймақтармен өзара іс-қимыл мәселелері әрқашан күн тәртібінде болуы тиіс, өйткені реформаларды негізгі жүргізушілер аймақтар болып табылады», - деп атап өтті Қ.Тоқаев. «Өңір» депутаттық тобы ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу мәселелері бойынша 7-8 маусымда Петропавлда көшпелі отырыс өткізеді.

Сенат басшысы сондай-ақ өзінің Атырауға жұмыс бабындағы сапарын қорытындылады. «Біз облыс активімен және жұртшылық өкілдерімен кездестік, өндіріс нысандарын араладық, Атырау облысы еліміздің экономикасында стратегиялық маңызды рөл атқаратынына куә болдық. Жергілікті халық Елбасының саясатын, оның барлық реформаларын қызу қолдап отыр. Шешілмеген мәселелер де бар, олар депутаттық бақылауға алынатын болады»,- деді ол.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5292