Жұма, 22 Қараша 2024
4771 0 пікір 29 Мамыр, 2018 сағат 10:27

"Тауда жаңа демалыс және қонақ үйлерін салудың қажеті жоқ, жаңа жолдар салу керек!"

Алматы облысындағы Іле Алатауы сұлу табиғатының аясында Медеуден бастап Шымбұлақ - Табаған - Ақбұлақ жолымен жаяу 8 шақырым жүріп өттік. 70 шақты адамнан тұратын топ, ішінде журналистер, қоғам қайраткерлері, танымал спортшылар мен әртістер, бизнесмендер мен мемлекеттік қызметкерлер - бәрі де жаяу жүруді жақсы көретіндер, оларға таудағы соқпақ қиынға түскен жоқ. VeloFriends қоры ұйымдастырған маршрутпен сергек жүріп өтіп, ғанибет алдық.

Топқа жиналған адамдармен жол бойы әңгімелесіп, пікір бөлістік. Жаяу жүретін соқпақтардың жағдайын, экотуризмді дамыту үшін қажет шараларды талқыладық, оның әлемдегі даму деңгейінің жоғары екенін және белсенді түрде насихатталатынын тілге тиек еттік. Себебі, экотуризм экономикаға мультипликативті әсер береді. Қаржылай түсімдер экономикалық нәтижемен қатар экологияны сақтау және қорғауға жұмсалып, өте табысты симбиоз болады.

Маршрут бойында байқағанымыз: жол сілтейтін белгілердің, орындықтардың жоғы, жолға шыққандар адасып кетпеуіне, шаршаса демалуына жағдай жасалуы қажет.

Менің жеке пікірім: қазіргі таңда тауда жаңа демалыс және қонақ үйлерін салудың қажеті жоқ, оның орнына жаңа жолдар салып, бұрыннан барларын байланыстыру керек. Мысалы, Талғар ауданында Шымбұлақ пен Ақбұлақты аспалы жолмен байланыстырса, тамаша болар еді. Елестетіп көріңіздерші, достарым. Қысы-жазы жұмыс істейтін тау шаңғысы курорттар желісі мен жаяу туристерге арналған ыңғайлы және қауіпсіз маршруттар ашылып, көпшілікке кеңінен тарап, тіпті спорттан алыс адамдар да серуендеуден қашпас еді.

Арыстанбек Мұхамедиұлы 

Фейсбук парақшасындағы жазбасы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1461
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5295