Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
5265 0 пікір 31 Мамыр, 2018 сағат 09:23

Қырғызстан түрмесінде үш тұтқын аузын тігіп тастады

Қырғызстанның №16 түзету колониясында үш тұтқын ауыздарын тігіп тастаған. Жазаны орындау жөніндегі мемлекеттік қызметі (ЖОМҚ) мәліметінше, олар өздерін айып изоляторына ауыстыруына наразылығын осылай көрсеткен.

«Үшеуі ішкі тәртіпті бұзды. Олар бірнеше рет тәртіпті бұзған. Колония басшылығының шешімімен олар бір айға айып изоляторына жіберілді. Олар бұл шешімге наразы болып, омбудсменге шағымданыпты. Ақиқатшы институтының өкілі түрмеге келіп, заңдылықтың сақталғанын көзімен көріп кетті», - деп мәлімдейді ЖОМҚ баспасөз хатшысы Элеонора Сабатарова.

Ауыздарын тігіп тастаған үш тұтқғынның туыстары оларды түрмеде жиі ұрып-соғатынын айтып, Ақиқатшы институтына шағымданған. Аталған институттың бостандығы шектелген мекемелерде адам құқықтарының сақталуын бақылайтын бөлім басшысы Альберт Колопов 28 мамырда түрмеге келіп, наразылық білдіргендердің тілегін тыңдаған.

"Оларды бір айға айып изоляторына ауыстырған екен. Бұл шешімге наразылық білдіріп, үшеуі де ауыздарын тігіп, қарындарын жарған. Олар өздерін нашар сезінетіндерін, ауруханаға ауыстыруын сұрады. Біреуі қолына да зақым келтіріпті" деді Альберт Колопов.

Басшылықпен келіссөзден кейін түрме тәртібін бұзған үш тұтқынды айып изоляторына бір ай емес, бес күн отырғызуға шешім қабылданған. Тұтқындардың аты-жөні аталмайды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036