Жұма, 27 Желтоқсан 2024
3427 0 пікір 4 Маусым, 2018 сағат 08:52

Қазақстан мен Қырғызстан сауда айналымын 1 млрд долларға дейін көбейтпек

Қазақстанның премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев пен оның қырғыз әріптесі Мұхаммедқали Абылғазиев Душанбеде ТМД үкімет басшыларының кеңесі алдында екіжақты кездесіп, қырғыз-қазақ қатынасын талқылаған.

«Қазақстан тарабы екі елдің дамуына арналған кез келген бастаманы қолдауға әзір»,- деп мәлімдеген Сағынтаев.

Абылғазиев өз кезегінде Қазақстанмен стратегиялық қарым-қатынасты нығайту Қырғызстанның сыртқы саясатының басты міндеттерінің бірі деген. «Біздің президенттеріміз екі елдің сауда айналымын бір миллиард долларға дейін жеткізу жөнінде мақсат қойды. Бұл сауда саласында кездесетін кедергілерді жойып, жағдай жасау үшін етене жақындасуға мүмкіндік береді»,- деп мәлімдеген Абылғазиев.

Екі елдің үкімет басшылары кезекті жетінші қазақ-қырғыз үкіметаралық кеңесін өткізуге өзара келіскен.

2017 жылдың күзінде Қырғызстанда президент сайлауы алдында екі елдің қарым-қатынасына бірден сызат түсті. Қазақстан шекара бақылауын күшейтті. Астана бұл шешімді контрабандамен күрес деп түсіндірді. Шын мәнінде Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев Қазақстан президентінің атына сын айтқан болатын.

Былтыр жыл соңында Қырғызстан президенті болып Сооронбай Жээнбеков сайланғаннан кейін, екі ел қарым-қатынасы реттеле бастады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052