Жексенбі, 24 Қараша 2024
Өз сөзім... 11886 7 пікір 5 Маусым, 2018 сағат 08:46

Менингокок қайдан келді?

Бұл індетті қазақ бұған дейін неге білмеді? Жылда бәленбай адам осы аурудан көз жұматын болса, неге биыл ғана шулап жатырмыз? Сауал көп! Жауап жоқ...

Ресми мардымды жауап болмағаннан кейін ел мұны табиғи дерт ретінде емес, "саяси індет" деп қарап, мынандай үш болжам жасауға мәжбүр.

Біріншісі - вирус тарату арқылы бизнес жасауды көздеген астыртын топ бар. Дақпырт тарату xәм құрбандық жасау арқылы олар жан санына 22-25 мың теңгеден ақша өндіріп, адам өмірін табыс көзіне айналдырмақшы.

Екінші нұсқа - Қытай мен Ресей! Былтыр гептилге бөктіріп, бар бөкенімізді қырған Ресей енді сол тәсілді адамдарға қолдана бастаса керек. Ресей полигондарын жаппай қазақтың күні шықпайды.

Жалпы, бұл инфекциямен уланғандар Ресейде де аз емес екенін ескерте отырып, кінәні Қытайға бұратындар жетерлік. "Қытай кене қаптатып, минингокк індетін жіберген" деседі жұрт. "Оған қазақтың Қытайға жасаған соңғы қарсылықтары, жерін жалға бермеуі себеп" дейтін пікір де төбе көрсетеді.

Үшінші нұсқа - "біздің биліктің "тұрақтылықты", әрине өзінің тұрақтылығын сақтап қалу үшін ауру таратып, елдің назарын басқа жаққа аудартуға талпынып жатқан саяси теxнологиясы" дегенге саяды.

Соңғы нұсқаның адамды иландырар дәйектері жетерлік.

1. Саяси тығырыққа тірелген билік елдің назарын қай кезде де басқа жаққа аударып жіберуге дағдыланғаны елге мәлім. Шымкенттегі СПИД-ті ғана еске салсақ жеткілікті болар. Қазір биліктің саяси кризисте отырғанын дәлелдеп әуре болмай-ақ қоялық.

2. Ел ішінде көтерілістік көңіл күй орныға бастады. Бір ғана телеграм желісінде Әбләзовтың әңгімесін тыңдауға үймелегендердің саны 100 мың адамнан асып кеткен.

3. Жер туралы Заң қабылданып кетті.

4. Қытайдағы қандастардың жайы шектен шығып, дүрбелең туғызудың алдында тұр.

5. АҚШ-тың сансыз санкцияларының төпеуінің астында қалған одақтасымыз Ресейдің жағдайы және әсер етпей қоймайды.

6. Саяи кландар енді бір адамның дегеніне көніп отырса, қолдарындағы барынан айрыларын анық сезіне бастады.

7. Осындай сансыз себептер билікті кешкі уақытта интернет желілерін баяулатуға мәжбүрлеп отыр.

Көлеңкесінен қорыққан олар xалықтың көшеге шығып кетпеуі үшін кез-келген құрбандыққа баруға даяр.

Мына індетті Алматыда таратып отырудың өзінде осындай астар болса керек.

Әрине, мұның бәрі менімен соңғы күндерде сөйлескен достарымның, яғни xалықтың бір бөлшегінің пікірі. Билік тарапынан індетті жою бағытында ешқандай әрекет болмағандықтан ел арасында мұндай сөздердің, болжамдардың, байламдардың көбейетіні анық.

Сондықтан да оны қысқаша жазып, Сіздермен бөліскенді жөн санадым. Сіздердің де ойларыңызды біле отырсақ.

Кеше ғана "бізде саяси қуғын-сүргін болған емес" деген мәлімдеме не үшін жасалды? Бұл да саналы адамды ойландырмай қоймайды.

Шындығында сәбилердің мезгілсіз қазасымен саяси ойын ойнала бастаса, оған жауап берудің де кезегі келерін ұмытпаған жөн.

Қанат Бірлікұлы

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572