Жексенбі, 24 Қараша 2024
3386 0 пікір 5 Маусым, 2018 сағат 09:55

Қазақстанның Энергетика вице-министрі қамауға алынды

Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев үй қамауына алынды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросындағылар айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы энергетика вице-министрі Жақсалиевтің заңға қайшы әрекеттерін әшкереледі. Щучье-Бурабай курорттық аймағының көлін тазалау бойынша жұмысты қабылдау барысында. Ол 2015 жылы "Аймақ және К" ЖШС" мердігер ұйымының мүддесін қорғап, қызметтік құзыретін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді. Атқарылған жұмыс көлемі 30 есе көбейтіп көрсетілгенін біле тұра, Жақсалиев су қоймасының түбінен 109 мың текше метр лай алу туралы актілерге заңсыз қол қойған, бұл жұмыстарды атқаруға мердігер ұйымға 863 миллион теңге ақша бөлінген. Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, атқарылмаған жұмыс құны 746 миллион теңге болған. Жақсалиевтің заңсыз әрекетінің салдарынан мемлекетке осы көрсетілген сомада шығын келген. Күдіктіге қатысты "үй қамауына алу" түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", - делінген хабарламада.

Бақытжан Жақсалиев үйленген, үш баласы бар. Әр жылдары KEGOC, "КОРЭМ", "Пауэр Инжиниринг", "КазТрансГаз" және "ИнтерГаз ЦА" компанияларында жұмыс істеген. Индустрия және жаңа технологиялық вице-министрі болған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5570