Жексенбі, 24 Қараша 2024
3197 0 пікір 7 Маусым, 2018 сағат 10:09

Жээнбеков Қытайға Қырғызстанда электр көліктерін өндіруді ұсынды

Kyrgyzstan President Sooronbay Jeenbekov, left, walks with Chinese President Xi Jinping during a welcome ceremony outside the Great Hall of the People in Beijing, Wednesday, June 6, 2018. (AP Photo/Andy Wong)

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков 6 маусымда Бейжіңде Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен кездесу барысында Қырғызстаннан электр көліктерін шығаратын бірлескен зауыт ашуды ұсынған.

Ол қытайлық электр көліктерін өндіріп, Орталық Азия және Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа мүше елдерге экспортқа шығаруға Қырғызстан өте қолайлы орын болушы еді дейді.

«Бұл бағыттағы ынтымақтастық "Бір белдеу бір жол" бағдарламасы аясында болашағы зор жоба болушы еді», - деп атап өткен Жээнбеков.

Қырғызстан қазіргі уақытта дейін бірде-бір көлік шығармаған. Көбінде көлік елге Жапония, Еуропа, АҚШ және Ресейден тасымалданады.

Жээнбеков 6-8 маусым аралығында Қытайда мемлекеттік сапармен болады. Одан әрі Қырғызстан президенті Шанхай Ынтымақтастық ұйымының мемлекет басшылары кеңесіне қатысу үшін Циндаоға ұшып кетеді.

Сапар аясында қырғыз президентінің Қытайдың өзге де лауазымды қызметкерлерімен кездесу жоспарланған. Келіссөздер барысында қырғыз-қытай мәселесі жан-жақты қаралады деп күтіледі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572