Жексенбі, 24 Қараша 2024
3291 0 пікір 7 Маусым, 2018 сағат 10:17

Қырғызстанның экс-премьері мен Бішкектің экс-мэрі қамауға алынды

Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Сапар Исаков пен Бішкектің экс-әкімі әрі Мемлекеттік кеден қызметінің бұрынғы басшысы болған Кубанычбек Кулматов тергеу ісі аяқталғанға дейін қамауға алынды.

Сапар Исаков пен Кубанычбек Кулматов экс-президент Алмазбек Атамбаевтың ең жақын серіктесі болып саналады. Оларды қамауға алу туралы шешімді Бішкек қаласы Первомай аудандық сотының судьясы Абдразақ Боромбаев шығарды.

Исаковқа Бішкектегі Жылу электр станциясын (ЖЭС) модернизациялау ісі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында "сыбайлас жемқорлық" айыбы тағылған. Исаков 29 мамырда Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінде (ҰҚМК) кезекті рет тергелді. Ол алғаш рет тергеуге 26 сәуірде шақырылған.

Тергеу долбары бойынша, Сапар Исаков 2013 жылы Қырғызстан президенті аппаратында сыртқы саясат бөлімін басқарып тұрған кезінде, "Бішкек қаласы ЖЭС-ін модернизациялау" жобасын жүзеге асыру барысында қызметін пайдаланып, мердігерді конкурста іріктеп алу кезінде шетелдік компанияның мүддесін қорғаған. Нәтижесінде мемлекетке орасан зор шығын келген.

Сапар Исаков Азаттыққа сұхбатында ешқашан "сыбайлас жемқорлыққа ұрынбағанын" сондықтан қорықпайтынын айтқан еді.​

5 маусымда Бішкек қаласының экс-мэрі Кубанычбек Кулматов та қамауға алынды. "Жемқорлық" айыбымен күдікке ілінген экс-мэр қамауда тергеу аяқталғанға дейін отырады.

Кулматовқа 18 мамырда "Коррупция" бабымен айып тағылып, дүние- мүлкі бұғатталған. Тергеу дерегінше, Кулматов Бішкек қаласын басқарып тұрғанда Жылу электр станциясын (ЖЭС) модернизациялау ісіне бөлінген 2 миллион долларды заңсыз пайдаланған. Кулматов өзіне тағылған айыпты мойындамайды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572