Жексенбі, 24 Қараша 2024
4530 16 пікір 8 Маусым, 2018 сағат 11:39

Путин: ӘМ-2018 кезінде Киев арандатуға жол берсе, салдары ауыр болады

Ресей президенті Владимир Путин футболдан әлем чемпионаты болып жатқан кезде, Киев ресейшіл сепаратистер бақылайтын аумаққа шабуыл жасаса, "Украинаның жалпы толық мемлекет ретінде салдары ауыр болады" деп күш көрсетті.

Ол Донбастағы сепаратистерді жақтайтын ресейлік жазушы Захар Прилепиннің сұрақтарына осылай жауап беріп, "бірақ ондай арандатуға жеткізбейміз" деді.

Ресей басшысы сонымен бірге Украина билігін Донбас мәселесін шеше алмай жатыр деп айыптады. Ол Ресей Минск келісімін орындауға дайын екенін, бірақ Украина қаламайтынын жеткізді.

Бірақ соған қарамастан Владимир Путин ресейліктер мен украин "бауырлас халық, болашағы ортақ" деп мәлімдеді. Ол сонымен бірге Луганск және Донецк облысындағы босқындар мәселесі мен олардың Ростов облысындағы мәртебесі жайында да айтты. Президент сөзінше, олар ресейлік азаматтық алу үшін ырықтандыруды қолдайды.

Abai.kz

16 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5583