Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 4238 9 пікір 11 Маусым, 2018 сағат 02:02

Қазақтар шетінен саясаткер болып кетті

Өзгенің аузынан шыққан сәтті сөз тіркесін немесе ел арасындағы шынайы беделін қызғанатындар бар. Жәй қызғанып қоймайды, жүрген жерінде аузы батылдардың аузын жапқысы келеді, желіде шаужайына жармасып отырады. Ондайлардың біразымен көзбе көз сөйлесіп көрсеңіз,

- Ой, оны мен де білемін. Мен де солай ойлаймын. Тек оны жазбаймын.

- Неге жазбайсыз, айтпайсыз?

Сізге не кедергі?...

Мұндай сұрақтар ондайларды күмілжітіп тастайды.

"Кедергі" өзінің қу құлқыны мен бақай есебі екенін мойындау қиы-ы-ын...

Ондайлар әсіресе, журналистикаға кездейсоқ келіп қалған пенделердің арасында көп..

Салық төлеушінің қаржысын есепсіз шашып жатқандарға қарсылығын білдіріп жатқандарды иландыра алмаған журиктер өз ленталарында "Ел намысы", "патриотизм" дегендерді ұмытып қазақтар шетінен саясаткер болып кетті!"- деп, бұрқылдап отыр.

Мырзалар!

Мұның атын азаматтық қоғамның қалыптаса бастауы дейді.

Азаматтық қоғам қалыптасса, ең алдымен жұмыссыз қалатындар өз басылымдарын бюджет қызметкерлеріне мәжбүрлеп өткізуінің арқасында ғана "Журналист" атанып жүргендер болады.

Бұрқылдағанша, газетіңді сатуды үйрен...

Өмір Шыныбекұлының Facebook-тегі парақшасынан

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3264
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5594