Жексенбі, 24 Қараша 2024
Деп жатыр 6834 4 пікір 13 Маусым, 2018 сағат 10:56

Тестілеуден 20 мыңнан аса мұғалім өте алмай қалды

Еліміздегі 20 мыңнан аса мұғалім Ұлттық біліктілік тестілеуінің межелік деңгейінен өте алмады. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының баспасөз қызметі хабарлайды.

Мұғалімдерге арналған Ұлттық біліктілік тестілеуі 26-28 мамыр аралығында республика бойынша алғаш рет өтті. Тестілеуге қатысуға өтініш берген 60,4 мың мұғалімнің тек 56,9 мыңы тестіге қатысқан.

«Ұлттық біліктілік тестілеудің қорытындысы бойынша шекті деңгейден 36272 (63,74%) тестіленуші, олардың ішінде қазақ тілінде – 23758, орыс тілінде – 12514 өтті. Республика бойынша орташа ұпай –110 баллдан 68,27 ұпай», – делінеді хабарламада.

Сондай-ақ, тестілеу орталығындағылар тест нәтижесі бойынша ең үздік көрсеткішті «педагог-сарапшы» санатына өтініш бергендер көрсеткенін мәлімдеді.

«Педагог- модератор» біліктілігі бойынша өтініш бергендер – 17775. Шекті деңгейден өткендер – 11 505, оның ішінде қазақ тілінде – 7905, орыс тілінде – 3600. Орташа балл – 68,1.

«Педагог- сарапшы» біліктілігі бойынша өтініш бергендер – 22231. Шекті деңгейден өткендер – 13358, оның ішінде қазақ тілінде – 8965, орыс тілінде – 4393 тестіленуші. Орташа балл – 63,5 құрады.

«Педагог- зерттеуші» біліктілігі бойынша өтініш бергендер – 18490. Шекті деңгейден өткендер – 10652, оның ішінде қазақ тілінде – 6457, орыс тілінде – 4195 тестіленуші. Орташа балл – 68,1 құрады.

«Педагог- шебер» біліктілігі бойынша өтініш бергендер – 1980. Шекті деңгейден өткендер – 757, оның ішінде қазақ тілінде – 431, орыс тілінде – 326 тестіленуші. Орташа балл – 43,1 құрады.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5616