Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2690 0 пікір 16 Ақпан, 2011 сағат 06:55

Атырау полиэтилен құбырлары зауытында Қазақстанда бірегей композитті металл пластикалы құбырлар өндірісін іске қосу салтанаты болып өтті

2011 жылдың 15 ақпанында «Шеврон» компаниясына тиесілі Атырау полиэтилен құбырлары зауытында (АПҚЗ), жылу және ыстық сумен қамтамасыз ету жүйесінде қолданылатын  композитті металл пластикалы құбырлар өндірісін іске қосу салтанаты болып өтті. Зауыттың қуатын кеңейту және технологиялық жағынан алдыңғы қатарлы,  Қазақстанда және ТМД елдері арасында бірегей өндірісті іске қосу «Шеврон» компаниясының Қазақстандағы түскен пайданың бір бөлігін қайта инвестициялау бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жасалуда.

- Атырау полиэтилен құбырлары зауытын іске қосу  отандық товар өндірушілерге шығарылатын өнімдердің түрлерін кеңейтуге, жаңа өндіріс орындарын ашуға және қосымша жұмыс орындарын құруға жағдай жасайды,- деп атап көрсетті «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасының төрағасы Қайыргелді Қабылдин.

Жаңа өндірістің жобалық қуаты - жылына диаметрі 12-110 мм 2000 тонна құбыр шығару. Металл пластикті құбырларды тот баспайды және қатаң ортаға төзімді әрі металл құбырларын оңтайлы түрде алмастыра алады. Есеппен алғанда жарамдылық мерзімі - 50 жыл.

Атырау полиэтилен құбырлары зауыты өндірісін жылына 17 тонна құбыр өндіруге дейін кеңейту  осындай өнімдерді алыс шетелден  тасымалдауды азайтуға мүмкіндік береді.

«Шеврон» компаниясы  Атырау аймағындағы бүгінгі күнгі ең ірі  «Тенгизшевройл» мұнай-газ жобасында көп жылдан бері «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ  әріптесі болып келеді.

Өндірістік қуаттарды кеңейту жобасын табысты жүзеге асыру (Екінші Буынды Зауытты/ Шикі Газды Айдау) мұнай өндіруді арттырып қана қоймай қазақстандық жеткізушілерді тұрақты дамытуға, Қазақстан және шетел кәсіпорындарымен бірлескен кәсіпорын құруға ықпал етті,

ҚМГ ҰК  қазақстандық қамтуды кеңейту және сатып алудың жалпы көлеміндегі қазақстандық тауар өндірушілердің үлесін  ұлғайту жөнінде  белсенді қызмет атқаруда.

2010 жылдың қорытындысы бойынша, ҚазМұнайГаз компаниялар тобында  жалпы сатып алу көлемі 1 595,2 млрд. теңгені құрады, сонымен бірге сатып алудағы қазақстандық қамту 51% немесе 811 млрд. теңге болды. Сонымен қатар Атырау облысының кәсіпорындарымен 223 млрд.теңгеге келісімшарт жасалды. Мұның өзі сатып алудың жалпы көлемінің 14% құрайды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5496