ҚР үкіметі 2011 жылға негізгі макроэкономикалық өлшемдерді түзетті
Астана. 16 ақпан. ҚазТАГ - Айгүл Түлекбаева. Экономикалық даму және сауда министрлігі (ЭДСМ) 2011 жылға еліміздің басты макроэкономикалық өлшемдерін түзетті.
«Нақтылауға 2011 жылдың қаңтарындағы салалық экономиканың даму нәтижелері негіз болды. Бұл нәтижелер нақты сектордың бірқатар салалары мен қызмет саласының қарқынды дамығанын көрсеткен», - деп мәлім етті экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова сәрсенбі күні үкімет отырысында.
Оның нақтылауынша, 2011 жылы мұнайдың әлем бойынша орташа бағасына қатысты болжам $65/барр деңгейінде қалады.
Министр 2011 жылы экономикалық өсім 5% деңгейінде болжанып отырғанын атап көрсетті, бұл бұған дейінгі болжамнан 1,9%-ға жоғары.
ЭДСМ бағалауынша, 2011 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 4,8%-ға артады. Мұнай өндіру көлемі 81 млн тонна деңгейінде сақталады.
«Болжамға сәйкес, 2011жылы экспорт $59,058 млрдқұрайды,бұл бұған дейін мақұлданған болжамнан $5,515 млрд-қа көп. Экспорт бойынша жоғары көрсеткіштерге ауыл шаруашылық тауарлары мен негізгі тауарлардың әлемдік бағасының болжамдарының өскені әсер етті», - деді ведомство басшысы.
Сондай-ақ, оның айтуынша, 2011 жылы тауар импорты $33,768 млрдқұрайды деп болжанып отыр,бұл бұған дейін мақұлданған болжамнан$464,1 млн-ға көп.