Жексенбі, 24 Қараша 2024
Билік 8747 7 пікір 13 Маусым, 2018 сағат 18:53

«Нұр Отанның» жаңа жобалары ауылдық жерлерде де қарқын алуда

«Нұр Отан» партиясының бастамасымен еліміздегі кітапханалардың қызметі жаңғыртылып, заман талаптарына сай білім орталығы ретінде қайта құрылып жатқаны белгілі. Мұндай оң үрдіс ауылдық жерлерде де қарқын алуда. Бұған мысал ретінде Ақтөбе облысының Алға ауданына қарасты Бестамақ ауылындағы кітапхананы айтуға болады.

Партиялық жоба аясында аталған нысан қайта түлеп, кітап оқитын орын ғана емес, ауылдықтардың бас қосып, еркін пікірлесетін демалыс орнына айналған. Бүгін «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Ақтөбе облысына жасаған сапарында осы ауылға арнайы ат басын бұрып, кітапхананың жұмысымен танысты.

Бұл кітапхана партияның бастамасымен елімізде алғашқылардың бірі болып жаңғыруға бет бұрған. Нәтижесінде ауылдағы ескі кітапхананың орнында сапалы, жаңа форматта білім беретін co-working орталығы ашылып отыр. Мұнда жеке және топпен жұмыс істеуге арналған аймақтар, тегін Wi-Fi, қажетті техника, touchscreen теледидар, жастарға ағылшын тілін үйрететін курстар және кітаптарды онлайн оқуға арналған QR-код қарастырылған.

Сонымен қатар бестамақтықтар тағы бір партиялық жобаның игілігін көріп отыр. Яғни, мектептің спорт алаңдарын қайта құру жобасы аясында Бестамақ ауылдық мектебінің спорт алаңы заманға сай жабдықталған. Осындай партиялық жобалар жүзеге асырылып жатқан нысандарға барып, жұмыс барысымен танысқан «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары жаңа бастамалардың мәні барша қазақстандықтарды, соның ішінде ауыл халқын да заманауи біліммен қамтып, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру екенін айтты.

– Партия Саяси кеңесінің отырысында Елбасы мақұлдап, қолдау білдірген партиялық жобалар Ақтөбе облысында табысты жүзеге асырылуда деп айтуға толық негіз бар. Тіпті кейбір бағыттар бойынша бұл өңірдің тәжірибесін басқа облыстарға енгізсе де артық емес. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету, цифрландыру үдерісіне үлес қосу, ІТ-сыныптар мен ІТ-орталықтар ашу және кітапханаларды заманауи білім орталығы ретінде қайта құру бағытында облыста ауқымды жұмыстар атқарылған. Бұл партиялық жобалардың, шын мәнінде, халық үшін пайдалы әрі аса қажет екенін білдіреді, – деді Мәулен Әшімбаев.

Сондай-ақ партия Төрағасының Бірінші орынбасары «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасына үлес қосу мақсатында қолға алған ІТ-сыныптар мен ІТ-орталықтар ашу және шағын және орта бизнесті дамыту аясында кәсіпкерлерге арналған жер телімдеріне қатысты геоақпараттық онлайн-қызмет көрсететін портал құру жобалары бойынша да облыста атқарылған жұмыс барысымен танысып, бірқатар нысандарды аралады.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5625