Жұма, 29 Наурыз 2024
4127 2 пікір 15 Маусым, 2018 сағат 07:37

Назарбаева мен Гиффорд Дональд Трамп пен Ким Чен Ынның кездесуін талқылады

Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева Ұлыбритания елшісі Майкл Гиффордты қабылдады.

Д.Назарбаева Астанадағы дипломатиялық миссияның басталуымен М. Гиффордты құттықтады және оның кәсіби тәжірибесі біздің елдердің арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Жүздесушілер Дональд Трамп пен Ким Чен Ынның Сингапурда болған кездесуі және Корей түбегін қарусыздандыру мәселелерінің шешілуі туралы пікір алмасты. Д.Назарбаеваның пікірінше, АҚШ пен КХДР басшылары арасындағы келіссөздерге үміт артуға болады.

Сенат комитетінің төрағасы Қазақстан мен Британия арасындағы достық және сенімді қатынастарды жоғары бағалап, Ұлыбританияның Қазақстанның маңызды стратегиялық әріптесі екенін атап өтті. Ауқымды сауда- экономикалық, қаржы және инвестициялық ынтымақтастық орнатылды. Д.Назарбаева Астана» халықаралық қаржы орталығының ашылуына байланысты британ банкілері мен қаржы институттарының алдында ашылатын зор мүмкіндіктерге назар аударды.

Тараптар мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту мәселелерін талқылады. Д.Назарбаева білім, ғылым және жаңа технологиялар саласындағы ынтымақтастықтың нәтижелі сипатын ризашылықпен атап өтті. Сенатор Британ кеңесі мен еліміздің Білім және ғылым министрлігін бірлескен жобаларды іске асыруға жәрдемдесуге шақырды.

Әңгіме барысында екі елдің заң шығару органдарында жұмыс істейтін достық топтары зор рөл атқаратын парламентаралық үнқатысудың маңыздылығы атап өтілді. Д.Назарбаева атап өткендей, британ депутаттарының қазақстандық әріптестерімен байланыстары Қазақстан мен Ұлыбританияның парламенттері арасындағы байланыстарды кеңейту мен тереңдетуде шешуші ықпалы болуы тиіс.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3613