Сейсенбі, 21 Қыркүйек 2021
Билік 1653 0 пікір 28 Мамыр, 2018 сағат 22:37

Мәжіліс төрағасы Қытайдан келген делегация өкілдерімен кездесті

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Қытай Халық Республикасы Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы тұрақты комитеті төрағасының орынбасары Айлигенг Имингбахай бастаған делегация өкілдерімен кездесті,  - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Мәжіліс төрағасы екі мемлекеттің президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпиннің саясаты арқасында біздің елдеріміз жан-жақты стратегиялық әріптестік деңгейге жеткенін айта келіп, елбасының алдағы Қытай еліне іссапарына тоқталды.

Өз кезегінде Айлигенг Имингбахай  Қытайда елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік сапармен келуін асыға күтіп отырғанын және бұл сапарға Қытай елі айрықша маңыз беретінін айтты.

Сондай-ақ, осы сапар екі мемлекеттің қарым-қатынасына тың серпін беретіндігіне тоқталды. Тараптар атап өткендей, бүгінде  Қазақстан президентінің «Нұрлы жол» бағдарламасы мен КХР төрағасының «Бір белдеу-бір жол» бастамасы нәтижесінде  елдеріміз  игілігіне бағытталған ортақ  іс-қимыл жыл сайын табысты жалғасуда. Кездесу иелері әсіресе, парламентаралық байланысты дамытуға зор көңіл бөлді.

Мәжіліс спикерінің пікірінше, заң органдары арасындағы ынтымақтастық стратегиялық әріптестіктің маңызды бөлігі. Сондықтан, қос мемлекет парламенттерінің бірлескен конструктивті жұмысы біздің халықтарымыз қол жеткізген достық, татукөршілік ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге ықпал етері  сөзсіз. Осы ретте тараптар бейінді комитеттер мен ынтымақтастық жөніндегі топтар арқылы парламентаралық өзара іс-қимылды жаңа деңгейге көтеруге уағдаласты.

Кездесу барысында Қазақстан мен Қытай арасындағы саяси өзара іс-қимылды тереңдету, сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, мәдени қатынасты күшейту жайы талқыланып, халықаралық және аймақтық деңгейдегі маңызды мәселелер қозғалды.

Abai.kz

0 пікір