Жексенбі, 24 Қараша 2024
3470 4 пікір 20 Маусым, 2018 сағат 10:58

Ресей Канттағы (Қырғызстан) әуебазасын күшейтпекші

Ресей Канттағы әуебазаның оңтүстігін де ауқымына қосып, кеңейтпекші. Бұл жөнінде Бішкекте өткен парламентаралық комиссияның жұмысында айтылды. Оны Ресей мемлекеттік думаның депутаты Виктор Заварзин айтты.

«Канттағы база база болу үшін ғана емес, аймақтағы қауіпсіздікті сақтау үшін керек. База табиғаты керемет жерде орналасқан. Біз базаны күшейтуді ойлап отырмыз», - деді ол.

Қырғызстанда тағы бір ресейлік база ашылады деген әңгіменің тарағанына он жылдың көлемі болған. Бұрынғы премьер-министр Сапар Исаков Мәскеуге барған сапарында қырғыз-тәжік шекарасында әскери бөлім тұруы керек деп мәлімдеген. Сарапшылар бұл мәселе қоғам талқысына түсу керек деп есептейді.

Ресейдің Канттағы базасы 2003 жылы ашылған.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5576