Жексенбі, 24 Қараша 2024
3528 1 пікір 21 Маусым, 2018 сағат 09:40

Трамп мигранттар отбасын ажыратпауға мүмкіндік беретін құжатқа қол қоюға уәде берді

АҚШ президенті Дональд Трамп америка-мексика шекарасында ұсталған мигранттарды отбасынан ажыратпауға мүмкіндік беретін құжатқа қол қоятынын мәлімдеді.

"Мен жақында құжат дайын болған кезде қол қоямын. Бұл заңға сәйкес келеді. Мен сенімдімін", – деді Трамп 20 маусымда Ақ үйде журналистер алдында.

Бұл құжат егер ересектер ұсталып немесе заңсыз шекарадан өтті деген айыппен тергеліп жатқан кезде де отбасы мүшелерімен бірге болуға мүмкіндік беріледі деп күтіледі.

18 маусымда Трамп "АҚШ мигранттардың лагері болмайды" деп мәлімдеген. Ол демократтарды әкімшілікпен бірге заң жобасын әзірлеуге атсалыспайды деп айыптаған.

АҚШ-та соңғы уақытта заңсыз мигранттардың отбасы мүшелерінің бір-бірінен ажырату мәселесін талқылау бірінші кезекте тұр. Отбасы мүшелерін ажырату бұрын сирек қолданатын, енді федералдық агенттер елден босқын мәртебесін алуды көздейтіндерді немесе заңсыз елге кіргендерді кері қайтарып жатыр. Соңғы алты аптада 2 мыңға жуық кәмелетке толмаған бала ата-анасынан ажыратылды деп хабарлаған еді өткен аптада Трамп әкімшілі.

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Зейд Раад әл-Хуссейн балаларды қысымға алу арқылы миграцияны азайту әрекетін "шектен шығу" деп баға берген.

Бұл мәселе бойынша АҚШ бірінші ледиі Мелания Трамп та пікірін білдірген.

"Мелания ханым балаларды отбасынан ажыратып жатқанын жүрегі сыздап қабылдап жатыр және екі тараптың да бірлесіп, сәтті миграциялық реформа жасайтынына сенеді", – деп мәлімдеді оның баспасөз қызметі.

Бұрынғы бірінші леди Лора Буш The Washington Post газетіне отбасын бөлу саясаты "қатыгездік, моральдыққа жатпайды" деп пікір білдірген.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5555