Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 1892 0 пікір 11 Маусым, 2009 сағат 13:52

АЗЫҚТЫҢ БӘРІН АСТРАХАННАН ТАСИМЫЗ

Облыста ауыл шаруашылығына деген бетбұрыс болғанымен, әлі де, әсіресе, өңдеу саласы қарқын ала алмай тұрғандай. Елбасы өзінің жыл сайынғы дәстүрлі жолдауларынан бастап түрлі алқалы жиындарда өңдеуші саланы дамыту мәселесіне ерекше назар аудару қажеттігін айтты.
Бүгінде облыста мал басы өсіп келеді. Соңғы деректерге жүгінсек, 1 мамырда сиыр 73 мың бас, жылқы 46 мың, түйе 31 мың, қой-ешкі 717 мың бас болып отыр. Соған қарағанда мал өнімдерін өңдеумен айналысатын кәсіпорындарға қажетті шикізат қоры жеткілікті деген сөз. Бірақ, мал өнімдерін өңдеу саласы айтарлықтай деңгейде дамымай отыр? Мәселен, ауыл шаруашылығы басқармасы мамандарының айтуынша, қазір облысымызда елтірі өңделмейді, жүн тай-тай боп үйіліп жатыр, мал терісі тағы сол - күн астында қақталуда. Бұрын елтіріні бас киім, сырт киімнің жағасы мен етек-жеңіне, ұлттық киімдерді сәндеуге пайдаланатын, әсіресе көк елтіріні әскери бас киім (папаха) тігуге көп қолданды. Алайда бүгінде ондай сұраныс жоқ көрінеді.
Қазір малды қасапханадан өткізіп, іске жарататын кәсіпорын аз. Әке¬лін¬ген малдың сапасы төмен. Ет өнімдері аз дайындалады. Соған орай, өндірген шұжықты шетелдерге шығара алмаймыз. Тіпті өзіміз де дұрыс пайдалана алмаймыз. Қазір Атырау сауда нүктелеріндегі шұжықтың 70-80 пайызы көршілес Астрахан қаласынан, яғни, Ресейден тасымалданып отыр.

Бізде мал өсіруге қажетті шабындық та, жайылым да жетеді. Ауыл шаруашылығы өнімдеріне деген сұраныс жыл санап артып келеді және бағасы да көтерілуде.
Облыста асыл тұқымды малдарды өсіру шаруашылықтары баршылық. Қызылқоғада «Жасқайрат», «Сағыз» ЖШС, «Тасшағыл» ӨК, Жылыойда «Жаңа таң» ЖШС, Индерде «Жарсуат», ӨК, «Есбол» ЖШС, Құрманғазыда «Мақаш» ӨК т.б. Бұларда, мал басының өсімі, сақталуы да жоғары дәрежеде. Әйтсе де, осындай шаруашылықтарды ерекше қамқорлыққа алып, жағдай жасалса, өздері де тартынып қалмас. Жергілікті жердегі құзырлы құрылымдар қолдау білдірсе, жаңа технологияны меңгеруге де ұмтылар. Мысалы, бордақылайтын орын малды семіртумен ғана айналыспай, сол жерде малдың терісі мен мүйізі, тұяғына дейін өңдейтін цехтары болса. Шығын шығармайтын технология болуы керек. Малды сойып, терісі мен басын, сирақтарын, ішек-қарынын лақтырып тастайтын жартыкеш өндіріс орындарының керегі жоқ.
Мамандардың айтуынша, дүниежүзілік сауда ұйымына кірер болсақ, ең бірінші қиындыққа тап болатын сала - ауыл шаруашылығы. Қазір өнімдеріміз әлемдік стандарттарға жауап бермейді. Импорт тасқыны көбейген кезде, олар бәсекеге төтеп бере алмай қалады. Сондықтан жаңа жобалар қарастырылуы керек. Озық технологиямен қамтылған өндіріс орындарын көбейткен абзал. Еліміз жыл сайын дамып келе жатыр. Мысалы, біздегі бидай өндіру саласы жақсы даму үстінде. Ол әлемдік саудаға бейімделген. Бәсекеге төтеп бере алады. Қазақстан астығы шет елге шығарылып жатыр. Сұраныс өте жоғары. Басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді жоғары деңгейге көтерсек, құба-құп болар еді. Алдағы уақытта мал шаруашылығы өнімдерін, көкөніс саласын бәсекеге қабілетті ете білгеніміз абзал. Бізден шығатын ет, май, сүт, жүн, тері әлемдік талапқа жауап беруі тиіс. Сонда қандай шетелдік тасқынға да дайын бола аламыз, тауарларымыз шетелдік өніммен бәсекеге түсу арқылы одан әрмен дами беретін болады,-дейді мамандар.
Жуырда облыс орталығында өткен бір жиында, еліне жанашыр ағамыздың бірі «тері өнімдерін Түркияға жібергенше, оны өзімізде өңдеуді неге қолға алмаймыз» деген пікірін ортаға салды. Жаны бар сөз. Қазір көріп жүргеніміздей қой терісі шикізат ретінде шет ел асып, оның орнына қымбат бағалы, баяғы өзімізде де тігіліп жатқан секілді келте, ұзын тондардың түр-түрі саудаға қаптап түседі, отандастарымыз жаппай соны алуда. Бізден шет елге арзымайтын бағаға кеткен терілер дайын киім болып, бағасы аспандап қайтып келіп жатыр. Бірақ, қажет болған соң, оның бағасы қанша қымбат болса да алуға мәжбүрміз.
Бүгінде көбіміз қысы-жазы Қытайдың сасық резеңкесінен жасалған аяқ киімнің түр-түрін киіп жүрміз. Адамдар оның денсаулыққа зиян екенін білсе де арзан болған соң лаж жоқ алып жатады. Кеңестік кезеңде резеңке аяқ киімдер тек дене шынықтыру сабақтарында ғана киілетін, ал басқа уақытта ата-аналар балаларына резеңке аяқ киім кигізбейтін. Үлкендерге арналған аяқ киімдер де теріден жасалушы еді. Үлкендер резеңке кебісті тек қыста, мәсінің сыртынан киетін. Ал қазір ше? Қазір резеңке кебіс, «кроссовкалар» күнделікті тұтынатын өтімді тауарға айналды. Мұның денсаулыққа айтарлықтай кері әсері бар. Жас баланың да, үлкендердің де аяқтары тері ауруларына шалдығып жүргендері де сондықтан.
Қысқасы, елімізде қай сала болсын, шикізат көзіне бай. Мал өнімдері, жер асты байлық қоры, баршылық! Сондықтан оны оларға тек шикізат күйінде емес, дайын тауар түрінде ұсынатын, сөйтіп пайда табатын кез келді. Өзімізде өндірілетін тауарлардың саны мен сапасын арттыру – уақыт талабы. Одан жергілікті кәсіпкерлер де шет қақпай қалмай, жаңалыққа жұмыла ұмтылса, қолдау күшейсе игі.

Қ.МҰҚАШЕВ.
«Атырау» облыстық газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5576