Жексенбі, 24 Қараша 2024
4063 0 пікір 26 Маусым, 2018 сағат 05:06

Сенат спикері журналистерді құттықтады

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіби мереке қарсаңында журналистерді Байланыс және ақпарат саласы қызметкерлерінің күні мерекесімен құттықтады.

Ол Сенат депутаттары да, өзі де ақпарат саласының мамандарына құрметпен қарайтынын, олардың кәсіби шеберліктері, патриоттық,  адамгершілік қасиеттерін жоғары бағалайтынын атап өтті.

«Бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі тұрақты түрде өсіп келеді. Тіпті әлеуметтік желілер пайда болса да, дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі бәсеңдемейді. Керісінше олар озық технологияларды жұмыс құралына айналдырып отыр», - деді Қ.Тоқаев.

Төраға біздің елдегі журналистика ауқымды реформалардың ұдайы алдыңғы сапында екенін, баспа және электрондық басылымдар миллиондаған адамдардың көңіл түкпірінен берік орын алғанын атап өтті. Отандық бұқаралық ақпарат құралдары кәсіби түрде шебер, шынайы және жедел жұмыс жүргізуде.

Сенат Төрағасы біздің еліміз күрделі геосаяси жағдайдағы дамудың өзгерістер кезеңін бастан өткеріп жатқанына назар аударды. Әлемнің әр бұрышында жанжалдар азаймай отыр, санкциялық түрдегі теке-тірестер өршіп барады. «Жаһандық екі үрдіс – жаһандану мен ұлтшылдықтың арасындағы қарама-қайшылық та ұлғая түсуде. Қазақстан халықаралық қоғамдастықтың жауапты және беделді мүшесі ретінде өзінің ұлттық мүдделерін қорғауда тиісті ұстанымдарды табандылықпен паш етіп отыр», - деді ол. Төраға халықтың шынайы сеніміне ие әрі шет елдерде беделі зор біздің еліміздің Мемлекет басшысы халықаралық аренадағы Қазақстанның ұлттық мүддесін әрдайым биік ұстап келе жатқанын атап өтті. «Елбасының Көшбасшылық әрі Тұңғыш Президент мәртебесі еліміздің саяси жүйесіндегі тұрақтылықтың сенімді кепілі», - деді ол.

Заң шығару жұмыстары туралы айта келіп, Сенат Төрағасы «Тұңғыш Президент - Елбасы туралы»,  таяуда қабылданған «Қауіпсіздік Кеңесі туралы» заңдар елдегі ішкі және сыртқы саясатты жүргiзуде Елбасының жетекші рөліне құқықтық кепілдіктерді қамтамасыз ететіні әрі қазіргі әлемдегі дүрбелеңге толы жағдайларда маңызды рөл атқаратыны туралы хабардар етті. «Елбасы – біздің Конституциямыздың және ішкі саяси тұрақтылықтың сенімді кепілі. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның негізін салушы ретіндегі сіңірген еңбегі аса ауқымды, тарихи маңызы зор», - деп атап өтті Қ.Тоқаев.

Төраға Президенттің таяудағы Жолдауында цифрлық технологиялардың дендеп енуіне байланысты қазақстандықтарды жаһандық өзгерістер мен қатерлерге дайын болуға шақыруына журналистердің назарын аударды. Қ. Тоқаевтың пікірінше, бұл міндет тек қоғамның қолдауымен табысты шешіледі. Сондықтан цифрландыру идеясының мән-маңызын қалың бұқараға жеткізуде журналистерге аса жауапты міндет жүктеліп отыр.

Бұқаралық ақпарат құралдары жастардың күш-қуатын шығармашылық арнаға қарай бұруы тиіс. Жас ұрпақ барлық әлеуметтік маңызды іс-шараларға белсене араласуы қажет. Сенат басшысы еліміздің дәстүрлі құндылықтарын сақтауға және ұлықтауға, қоғамның рухани өмірін жаңартуға бағытталған Елбасының «Рухани жаңғыру» тұжырымдамасын іске асыруда ақпарат құралдарының рөлі ерекше деп санайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің ақпарат саласында белсенді қызмет етіп жүрген бірқатар баспасөз өкілдеріне Сенаттың Құрмет грамотасын және Алғыс хатын табыс етіп, Отанымыздың жарқын келешегі жолындағы еңбектері табысты болуына тілектестігін айтты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5562