Жексенбі, 24 Қараша 2024
3671 10 пікір 26 Маусым, 2018 сағат 05:26

Қазақстандық ІТ-компаниялар өз өнімдерін Қырғызстанда таныстырды

21-22 маусым аралығында қазақстандық делегацияның Бішкек қаласында жұмыс сапары өтті. Кездесуде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы және Қырғыз Республикасының «ТазаКоом» Ұлттық цифрлық трансформациялау бағдарламасы аясында ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Қазақстанның 29 компаниясы қырғыз өкілдеріне 80-нен астам ақпараттық-технологиялық шешімдері мен өнімдерін ұсынды. Қазақстандық компаниялардың денсаулық сақтау, білім беру, ақпараттық технологиялар, телекоммуникациялар, Smart City, көлік, қауіпсіздік, экономика және қаржы саласындағы мүмкіндіктері Қырғызстандағы мемлекеттік органдар мен ірі компаниялардың қызығушылығын тудырды.

Қазақстандық IT-компаниялар мен «Қырғызтелеком» ААҚ, «Қырғыз почта» МК араларында екі меморандумға қол қойылды.

Сондай-ақ кездесу барысында ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Динара Шеглова Astana Hub Халықаралық Технопаркінің таныстырылымын өткізді.

Қорытынды кеңеске Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев және Қырғыз Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары Замирбек Асқаров қатысты.

Асқар Жұмағалиев «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы жайлы қырғыз тараптарына айтып берді және 2018 жылдың 3 шілдесіне жоспарланған Астана Hub павильонының техникалық ашылуына шақырды.

Өз кезегінде, Замирбек Аскаров Қазақстанмен ынтымақтастықтың стратегиялық маңыздылығын және ақпараттық технологиялар саласындағы үлкен әлеуетті атап өтті. Ақпараттық технологиялар және байланыс жөніндегі Қырғызстан Республикасы мемлекеттік комитетінің төрағасы Бақыт Шәршімбиев қазақстандық делегацияның жасаған сапарына алғысын білдірді және қазақстандық компаниялардың ұсынған шешімдері қырғыз елінде сұранысқа ие екенін атап өтті.

Сапар барысында Қазақстан Республикасы Ақпарат және байланыс министрлігі мен Қырғыз Республикасы ақпараттық технологияларының мемлекеттік комитеті арасында тәжірибе алмасу мақсатында іс-шаралар өткізілді. Тараптар екі елдің үлкен деректер, бұлттық технологиялар, электрондық құжат айналымы саласындағы тәжірибесін талқылады және меморандумдар мен келісімдерді әзірлеу туралы уағдаласты.

Сапар соңында Асқар Жұмағалиев IT-компаниялардың өкілдерімен бірге кездесулердің қорытындысын талқылады. Компания өкілдері іс-шараның тиімділігін атап өтті және осындай сапармен басқа елдерге барып, өз мүмкіндіктерін ұсынуға дайын екендігін айтты.

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5564