Жексенбі, 24 Қараша 2024
6003 10 пікір 26 Маусым, 2018 сағат 05:33

1 шілде - Ұлттық домбыра күнінде Астанада 3 мың күйші өнер көрсетпек

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Жаһандық өмірдегі заманауи Қазақстан мәдениеті» мәселесі аясында келелі жұмыстар жасала бастады. Соның бір мысалы Астанада өтетін «Домбыра - асыл мұра» шарасы.

1 шілде - Ұлттық домбыра күні Астанада өтетін «Домбыра - асыл мұра» көпшілік серуендері кезінде 3 мың күйші бірнеше күйді орындайтын болды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

2 мыңға тарта өнерпазы ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ұйымдардан тартылып отыр». Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік-академиялық халық аспаптар оркестрінің директоры Нұрғиса Дәуешев мәлім етті.

«Құрманғазы атындағы мемлекеттік-академиялық халық оркестрі ұжымының атынан жалпы барша домбырашылардың, өнерпаздардың, күйшілердің атынан Елбасымызға осынау айтулы күнді заң аясында бекіткеніне алғыс айтамыз. Әрине, домбыра ол жай ғана аспап емес, еліміздің сөзі мен тілі. Сондықтан, бұл күн айтулы мереке барша өнерпаздардың жоғары деңгейде үлкен серпіліс берері сөзсіз. Домбыра күні аясында Құрманғазы атындағы оркестр өзінің үлкен шараларды қолға алып отыр. Бастысы - Астана қаласында өтетін «Домбыра - асыл мұра» атты үлкен концерттік іс-шара. Бұл шараға 3 мыңға тарта өнерпаз қатысады деп жоспарланып отыр. 2 мыңға тарта өнерпазы ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ұйымдардан тартылып отыр», - дейді ол.

Нұрғиса Дәуешевтің айтуынша, бұл мереке - барша домбырашылар мен өнерпаздар үшін үлкен серпіліс.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Жаһандық өмірдегі заманауи Қазақстан мәдениеті» мәселесі аясында бұл шара алдағы  жылдарда да жалғасын таппақ.

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5555