Жексенбі, 20 Қыркүйек 2026
5400 108 пікір 26 Маусым, 2018 сағат 05:36

Қазақстан Президентіне Ердоған сайлаудың демократия қағидаттарына сай өткенін айтты

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Републикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Әңгімелесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Режеп Ердоғанды Түркия Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады.

Нұрсұлтан Назарбаев Режеп Ердоғанның осы сайлаудағы жеңісі түрік халқының оның жүргізіп отырған саясатына қолдау көрсеткенінің айқын дәлелі екенін атап өтті.

Режеп Ердоған Қазақстан Президентіне ризашылық білдіре отырып, сайлаудың демократия қағидаттарына сай, халықтың жаппай қатысуымен өткенін айтты.

Сондай-ақ, Мемлекеттер басшылары бауырлас екі ел арасындағы сындарлы диалогты одан әрі тереңдету мәселелерін талқылады.

Abai.kz

108 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1343
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2918
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 997
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 928