Жексенбі, 24 Қараша 2024
4288 1 пікір 28 Маусым, 2018 сағат 09:08

Қызыл Крест психологтары Ирактан оралған тәжік балаларына көмектесіп жатыр

Қызыл Крест халықаралық комитетінің психологтары Таяу Шығыстағы соғыс алаңынан Тәжікстанға жеткізілген төрт тәжік баласымен жұмыс істеп, оларды жаңа өмірге бейімдеп жатыр.

Биыл сәуір айында Бағдад лагерінен төрт тәжік баласы елге жеткізілген. Олар қазір жақын туыстарының отбасында тәрбиеленіп жатыр. Мамыр айынан бастап әр баламен жеке психолог үйлеріне барып, жұмыс істейді.

Қызыл Крест психологы Бхава Пойдуал балалармен бірнеше рет кездескенін айтады. «Біз балалармен сөйлесеміз, олармен түрлі ойындар ойнаймыз. Әңгімелесу бір сағаттан төрт сағатқа дейін жалғасады», - дейді психолог.

Ирактан оралған балалардың ішінде 11 жастағы Мәриям бар. Қыз қазір атасының қолында тәрбиеленіп жатыр. «Мәриям өте сүйкімді. Бірақ ол айналасындағылар жиі қоятын сұрақтарға жауап бергісі келмейді. Жандары жаралы балалардан ол жақтан не көрдің, не болды деген сұрақтар қойып, мазасын алуға болмайды. Біз олардың бастарынан өткен ауыр жағдайды ұмыттыруға көмектесуіміз керек», - дейді психолог.

Таяуда БҰҰ-ның Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Тәжікстандағы өкілі Таяу Шығыстан оралған балаларға материалдық және әлеуметтік тұрғыдан көмектесетінін жеткізген.

Ирактан оралған төрт бала да қыркүйек айында мектепке бармақ.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5552