Сенбі, 23 Қараша 2024
3665 1 пікір 4 Шілде, 2018 сағат 08:43

Путин мен Трамп жабық есік жағдайында кездесуі мүмкін

16 шілдеде Хельсинкиде өтетін Ресей және АҚШ президенттерінің кездесуінде Владимир Путин мен Дональд Трамп көмекшілерінсіз екеуі ғана кездесуі мүмкін. Осылай деп 3 шілдеде Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.

Екі лидердің кездесуіне дайындық жұмыстарын АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен талқылады. Екі саясаткер Сириядағы жағдай мен Солтүстік Кореядағы шиеленістің бәсеңдегенін сөз еткен.

Мәскеу мен Вашингтон қарым-қатынасы соңғы уақытта "қырғи-қабақ соғысы" жылдарындағы деңгейге жеткен. Бұл Ресейдің 2014 жылы наурыз ауында Қырымды аннекциялауымен, Сириядағы жанжалға Ресейдің қатысымен және Украина шығысындағы ахуалмен байланысты. Сонымен бірге 2016 жылы Ресей АҚШ-тағы президент сайлауына араласты деген дау екі елдің қатынасын одан сайын күрделендірді.

2 шілдеде Песков Ресей президенті Трамппен Қырым түбегінен басқа кез келген тақырыпқа ашық екенін жеткізген. Кремль Қырым түбегін Ресейдің бір бөлшегі деп санайды.

Ресми АҚШ әзірге екі мемлекет лидерінің кездесуінде 2016 жылғы Америкадағы президент сайлауына Ресейдің араласуы жайында мәселе сөз болатыны, не болмайтыны жайында қандай да бір болжам айтып жатқан жоқ. Америкалық арнайы қызметтің мәліметі бойынша, Путин АҚШ-тағы сайлаулаушыларға ықпал етуді тапсырған. Бірақ Трамп мұны жоққа шығарып келеді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5351