Сенбі, 23 Қараша 2024
3630 2 пікір 11 Шілде, 2018 сағат 13:50

Трамп НАТО бойынша одақтастарын төлемді кешіктірді деп айыптады

АҚШ президенті Дональд Трамп НАТО бойынша одақтастарын қорғаныс саласына қаржы аз бөліп ғана қоймайды, тиісті жарнаны төлеуде кешіктіреді деп айыптады. Бұл жөнінде Ақ үй басшысы 10 шілдеде Twitter парақшасына жазды.

Оның сөзінше, Құрама Штаттардан қорған күтетін көптеген НАТО елдері екі пайыз ережесін орындамағанымен қоймай, төлемдерді қатты кешіктіреді. Ол әріптестерін төлемді тез арада өтеуге шақырды.

Donald J. Trump

@realDonaldTrump

Many countries in NATO, which we are expected to defend, are not only short of their current commitment of 2% (which is low), but are also delinquent for many years in payments that have not been made. Will they reimburse the U.S.?

Осыған дейін Трамп 16 шілдеде Хельсинкиде жоспарланған Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу еуропалық саясаткерлерден қарағанда әлдеқайда "қарапайым өтуі" мүмкін деген пікірін білдірген. Ол сол кезде НАТО-ның қалған мүшелері Құрама Штаттардан гөрі аз төлейтінін тағы қайталаған.

Трамп НАТО ережесінде көрсетілгендей, әскери шығынның көлемін ЖІӨ-нің (Жалпы ішкі өнім) 2 пайызына дейін жеткізуді бірнеше рет талап еткен. Маусым айында ол Солтүстікатлантикалық одақ мүшелерін "өзгерістер" болады деп сес көрсетіп, АҚШ ЖІӨ-нің 4 пайызын төлегенде, Германия әскери шығынға ЖІӨ-нің тек 1 пайызын жұмсайды деп ашуын білдірген.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5413