Сонда біз, қазақ қандай ұлтпыз осы?
«Адамда жақсы қасиет болмаса,
оған бақ та, бақыт та қонбайды».
Жүсіп Баласағұни.
«Тең – теңімен...» деген сөзді қапысыз қалай айтқан, қайран көреген де дана ұлы ата-бабаларымыз! Өмірлік шындыққа жүгінсек, расында да дәл солай. Бұл не деген өмірлік палсафа десеңізші...
Сөздің шындығын айтуымыз керек. Иә, қызын алтынмен аптап, күміспен күптеп, әшекейлеп, үкілеп өсіруді оздыра білетін, қызғалтақтай жайната отырып, қыздың құқығын алақанға салып, кіршіксіз аялай білетін, төрге отырғызып киесіндей қастерлей білетін, келешек еланасын тәрбиелей білуге келгенде қазақ ұлтындай жер бетінде ұлт жоқ. Яғни кешегі текті заманда қызға қатысты құқық атаулы әлемде теңдесі жоқ дәрежеде болғаны аян. Сондықтан да болар қызды ұзату тойын да айрықша ғажайып күйде өткізеді ғой.
Бұрынғы өткен есті де текті, өнегелі үлгісі зор заманда, қазақ қауымында әке-шешесі өмірлік жиып-терген ақыл-парасатымен, мол тәжірибесімен ұлына өмірлік жарды таңдай білудің, яғни тәрбиелі де мәдениетті, көркем мінезді, ибалы да инабатты, әдепті қызды (келінді) таба білудің арқасында ғана отбасын мәңгілікке құра білуге қатысты көкейкесті мәселеге аса айрықша мән берілгендіктен, бұл мәселе ең айтулы маңызға ие болғандығы өткен тарихымыздан белгілі. Ұлды 13 жасында отау иесі ете білу құдіретінің өзі теңдессіз керемет емес пе?! Сондықтан ол кезеңде ерлі-зайыптылардың ажырасуы деген ұғым-түсінік мүлде болмаған. Егер ажырасудың қандай да бір түрі кездесе қалған жағдайда, ол – өлімнен де аса ауыр, ең қасіретті апат болып саналатыны күні бұрын әмбеге аян болған.
Әйелдің бақыты – отбасы. Ал отбасы – мемлекет уығы. Сол себептен де жұбайлардың бақыты ең жарқын әрі баянды болуы үшін алдымен екі жақтың ата-аналары өзара көңілі суыспайтындай мәңгілік сыйластығы ең басты қағида болып саналғандықтан, оларды аса жоғары дәрежеде ұстана отырып, көксеген мәңгілік сыйластықты қапысыз қамтамасыз ете білудің мақсатында ұл мен қыздың ата-аналары тең дәрежеде болғаны, бір-бірін жан-жақты түсінісіп, терең ұғына білетін, кешірімпаздығы мен сабырлығы зор құрбы-құрдасы болғаны немесе әке-шешесін көптен бері жақсы білетін, текті кісілікпен өсіп-өнген, өнегелі танысының қызы болғаны, сондай-ақ өмірлік аңсаған ой-армандары мен ұлттық мүдделері, мақсат-мұраттары ортақ болғаны, міне, бұлардың бәрі сайып келгенде қатаң шартқа айналу қажеттілігі, үлгілі-өнегелі озық үрдіспен биікке жаңаша оза білуге деген құлшынысының ұтқырлығы абзал саналған. Келін ата-енесімен бірге тұрып, олармен сыйласа білудің үлгілі өнегесін оздырудың арқасында бала өсірудің құдіретін үйренген. Өйткені ата-ененің қасы-қабағына қарап, бабын тауып, ақ батасын ала алмасаң, баспайды алға қадам бір істің де. Бұрынғы кезеңде есті, текті ұлы ата-бабаларымыз қандай керемет текті кісілікті аңсап, ұрпағына даңғыл жолдың, дара, дана бағыт-бағдаршамның ұтқыр үлгі-өнегелерінің табантасын көреген кемелдікпен сала білген. Адамға ақыл-парасат бәсекелі жарыста алдымен өз өмірін ұтқырлықпен қалайда оздыра білу үшін беріледі.
Айталық құда-құдағи біткен дос-кұрбыдай сырлас бола жүріп, алыстан сыйласа білуді оздыра білсе ғана, ақылсыз, парықсыз, тексіз әке-шешесі кеткен қызының жеке отбасына опасыздықпен мұрнын сұғып, ішкі шаруасына араласпағанда ғана, қыз (келін) түскен босағасының бағын аша алатын өнегелі де үлгілі, әдепті ана болу бағытында ешқандай да қиындық тудыра қоймайтындығы сөзсіз. Тексіздігі, мәңгүрттігі... басым парықсыз, сабырсыз анадан тәрбиелі, әдепті, ибалы, иманды қыз тумайды. Мәселен, жұбайлардың ажырасуына қатысты зерттеуші мамандардың деректеріне сүйенсек, ажырасудың ең негізгі себептері – 70-80% қыздың ұлтсыз, тәрбиесіз, тексіз, парықсыз, надан, кеще, мәңгүрт әке-шешесінің кесапатынан екені белгілі болса, ал 20-30% ененің кесапатынан екені анықталып отыр. Қысқасы бізге ұлттық намыс жетпей тұр, ұлтсыздық, тексіздік, тәрбиесіздік... Ендігі мәселе осы келеңсіз кесапаттарды болдырмаудың және оның алдын алудың мақсатында алдымен отбасындағы тәлім-тәрбие мен тәртіптің ұтымды үлгі-өнегелерін жаңартуды, асылдандыруды, үнемі жетілдіріп отыруды, оның ұтқырлығын заман талаптарына сай оздыра түсуді тезірек қолға алуымыз керек.
Мәселен кешегі есті де текті, кемел де ұлағатты заманның ағысында әке-шешесі «Барған жеріңе судай сіңіп, тастай бат!», «Сүйегің сол шаңырақтың босағасында шірісін» дейтін өмірлік ұлы өсиетті қызына мәңгілікке қатаң түрде аманат ете білуі де міне, осыдан болса керек.
Сол сияқты «Қайтып келген қыз жаман» деп күйеуінен қайтып келген имансыз қыз ел, ұлт алдында, қоғам, халық, ұрпақ алдында әке-шешесіне жек көрінішті күйде болатынын және аса ауыр қасірет-қайғы әкелетінін ата-бабаларымыз алдын ала күні бұрын аса қатаң түрде ескертіп отыруды да айрықша парыз санаған. Сонымен бірге ұрпақтарының ой санасына күнделікті тіршіліктің барысында үнемі шегелеп сіңіріп отыру аса қатаң дәрежедегі міндет болған.
Ал арсыз, ұятсыз, мәңгүрт, кещелік, хайуандық күймен ұлттық, әсіресе әке-шешесінің өсиет-аманатының бәрін де аяққа таптап, ұлттық ар-намысты аттап, қайтып келген жексұрын қызын өз әке-шешесі аса қатаң жаза – өлім жазасына өз қолымен кесуге мәжбүр болған. Сондай-ақ қызы оң жақта отырып, бала туып қалатын болса да осындай қатаң жазаға тартылатын болған. Әйтпесе бұндай опасыздық бүткіл елді, ұлтты, ұрпақты бұзады деп саналған. Сонымен қатар бұндай қыздың әке-шешесі де ел алдында әшкереленіп, жер аударылатын үрдіс болған. Міне, осындай ізденімпаз да талғампаздығы орасан зор қатаң тәлім-тәрбие мен қатал тәртіптің арқасында ғана кешегі қазақ қауымдастығында теңдесі жоқ үлгі-өнегесі зор ұлы салт-дәстүрлерді айналысқа енгізе отырып, оларды заман талаптарына лайық үнемі жетілдіріп отырудың ұтымды үрдістерді тұрақты дәрежеде орнықтырғанын, дамытқанын тарихтан білеміз. Сонымен...
Ұлы Далада өнегелі ұлылық қалай қалыптасты?
«Адамгершілігі барлар басқаларға тірек болады,
басқаларға жетістікке жетуге көмектеседі,
өзі де сол жетістікке жетуді қалайды».
Конфуций.
Ұлттың ұлағаты – Ұлы Даладан.
Адамзат баласы қоғамдық дамудың жемісі. Ал қоғам – халықтың бір-біріне деген қарым-қатынасынан тұрады. Мұндағы әрбір қадам – адамдық болмыстың, тіршілік ауанында болып жатқан қиындықтар мен дағдарыстардың ішкі мәнін түзейді. Жыртқыш емес адам боп жаралған соң, ұлы мұраттарға жету үшін тістенген күресті оздыра білу мақсатында өле-өлгенше бізге тісті берген. Демек, қай кезде болмасын, қоғамның бет-алысын түсіну үшін оның дамуына өз үлестерімізді қосқанда ғана күніміз нұрлы болмақ.
Ендеше қара қылды қақ жаратын әділдік пен турашылдық салтанат құруы үшін сөздің шынын айтуымыз керек, жоғарыда атап өткен қадау-қадау ұлттық құндылықтар мен артықшылықтарға қоса, кешегі отаршыл империялық Кеңестік билікке дейін, яғни 350-370 жыл бұрынғы қазақтың Ұлы Даласында, қазақ қауымдастығында 13 жастағы ұлдарына Отау тігіп берудің, Отау иесі жасай білудің мақсатында әке-шешесі болашақ келінді, яғни бойжеткен қыздың тек байлығы мен көркіне қарап емес, алдымен иманына, ақыл-парасатына, тәлім-тәрбиесіне, әдепті, көркем мінезіне, адал адамгершілігіне, шыққан тегіне қарап таңдаған, сол сияқты қыздарын таңдалған жеріне ұзатудың прогрессивтік бағытындағы теңдесі жоқ бес бастамашыл да жаңашыл ұлы салт-дәстүрлеріміздің болғаны ақиқат. Айшықтап айта кететін болсақ, олар:
- Қызды атастыру;
- Қызды айттыру;
- Бесік құда болу;
- Қызға құда түсу;
- Қазағының қамы үшін ұлт, ұрпаққа шын мәнінде жанын қияр дәрежеде жанашыр бола білудің мақсатында абыройлы да мәртебелі жеңгетайлық ұтқыр қызметтің мінсіз атқарылуы т.б.
Осы тұста ескерте кететін айрықша бір жағдай бар. Ол өмірлік ақиқатты мұқият талдап қарасақ, ең алдымен өзін-өзі тани алмай жүрген, өмірлік тәжірибесі жоқ қыз да, ұл да, келешек өзінің өмірлік жарын таңдаудың жолындағы танысқан адамымен қанша жыл жүрсе-дағы толыққанды дәрежеде оның бойындағы отбасынан алған тәлім-тәрбиеге, текті адамгершілікке... қатысты қадір-қасиеттерін ешқашан да тани алмайды. Тануы мүлде мүмкін де емес. Ендеше келешегім, Алаш баласы, ойлан-дағы, жоғарыда көрсетілген ұлы ата-бабаларымыз қалыптасырған бес басты салт-дәстүрдің ұтқырлық құдіретін бүгінгі заманға сай жаңартып, жаңаша оздыра білуге барыңды салып бақ. Сол себептен де өмірлік тәжірибесі мол әке-шешенің, ата-әженің араласуының да, сондай-ақ жеңгетайдың араласуының да алатын орны мен ұтқырлығы орасан зор болғандықтан құптарлық және олар қол жеткізе білген нәтижелердің ұтымды деңгейде ерекше болуы міне, осыдан.
Қыз иманды, ақылды, парасатты, көрікті, әдепті, ибалы... қысқасы жан-жақты ұлағатты тәлім-тәрбиенің арқасында ғана озық дәрежеде бойжете білуі анасына тікелей байланысты екені әлімсақтан аян. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер», «Анасын көріп, қызын ал...» дейтін ұлттық өсиеттің шығуы міне осыдан. Қыз әдепті, көркем мінезді... болса, келін елі, ұлты үлгі тұтар өнегелі болады. Яғни барған жерімде тек қана бақытты боламын емес, сол елді қайткен күнде де бақытты етемін, ұрпақ көбейтіп, міндетті түрде өнегелі келін, ардақты ана атанамын деген қыз ғана ұтады, бәрінен де озады, баянды бақытқа бөленеді. Бұндай текті адамшылықтан асқан қымбат байлық, жарқын бақыт болуы мүмкін бе?! Жоқ. Қысқасы, махаббат – өмірлік сынақтың кез келген тұсында алдымен ел, ұлт, Отанға, отбасы, ата-ене, күйеуіне деген адалдық пен сүйіспенді сезімді үнемі оздыра білу, бұл – ең текті махаббат. Бұл – теңдесі жоқ ең қымбат бақыт әрі ұлы байлық.
Жоғарыда аталған бес басты қарекетіміздің әрқайсысы жеке дара айтулы институттың айрықша жауапты жүгін көтере білуге келгенде, отбасының мәртебесін аспандата білуге келгенде аса жоғары дәрежедегі абыроймен атқара білетін ұлттық ұлы құрылымды ұлы ата-бабаларымыз озық дәрежеде қалыптастыра білген-ді. Осылардың арқасында ғана әйел отбасындағы өзінің өмірлік серігін, отағасылық ерін, жан жарын, жұбайын, басшылық жолын ұстана білген көсемін төрінде төредей қастерлеп, пір тұта білудің құдіретін оздыра түскен. Үйге келгенде жағдайын жасап, қабағына қарайтын, ата-енесімен тату тұратын әйелге ер адам күн сайын ғашық болады. Бұл өз кезегінде бүкіл елді, ұлтты, ұрпақты адасудан, алдап-арбаудан, азғындау жолынан мінсіз сақтай отырып, жаңа биіктерге жаңаша самғай білді. Ұрпақтарымыз ұлттық ұлағатты өнегесі орасан зор үлгілі үрдістермен алаңсыз көктеп өнді, өсті, көркейді, гүлдеп өркендеді, кемелдене түсуді оздырды. Ақырында ұлымыз ұлықты, қызымыз қылықты әдет-ғұрыппен ғана дамылсыз дамудың даңғыл жолына түсті. Алтайдан Атырауға дейінгі аралықтағы, Алатаудан әрі Сарытау асып, ресейдің қалың орманына дейінгі аралықтағы кең байтақ сайын Ұлы Далаға рухты қазақ ұрпақтары ие бола білудің арқасында ғана рахатын көретін ұлы заманды орнықтырды. Ол ол ма, керек десеңіз Еділ[1] ұлы бабамыз Еуропаның қақ төріне қазақтың Көкбайрағын нықтап қадап, әлемге үстемдігін жүргізе білді. Осылайша кешегі ұлы Алыптарымыз бен Асылдарымызды тізбектей берсек те, оның ұшы-қиырына жету мүлде мүмкін де емес. Міне, осынау теңдесі жоқ дана дініміздің ұлылығы мен озық тәлім-тәрбиенің үлгілі өнегесінің арқасында ғана қазақ қоғамында жүгенсіз ажырасудың, қыз өз үйінде жүріп, оң жақта отырып, бала туудың, ел, ұлт, қоғамды азғындатпай тынбайтын ең сорақы сайқал азаматтық неке дегенге ұрпақтарымыздың жаппай ұрынудың, жезөкшеліккке барудың... басқа да шектен шыққан көптеген бассыздық пен опасыздық атаулының, адасушылық пен азғындаушылықтың бірде-біреуі бұрынғы кезде болмаған.
Ал Кеңестік билік орнаған бойда дереу еркектер мен әйелдер тең құқықты деп ұрандата жария жасап, теңдесі жоқ дәрежеде қалыптасқан отбасындағы, әсіресе қазақ отбасындағы теңдесі жоқ алтын құндылықтар мен озық асылдықтарды құрту үшін, сондай-ақ махаббат деп адамзатты азғындатқыш анайылығы мен жабайлығын жүгенсіз аспандатудың арқасында асыл дініміздің теңдессіз құндылығы мен құдіретті қасиеттерін аяққа таптап, оны сорақы сайқымазаққа айналдырды. Сонымен қатар оның қадірін түбегейлі кетіруді... өршіте түсу үшін баянсыз жалған ұранды алаулату арқылы ерме қазақтың ұрпақтарын аздыру мен тоздырудың, орға жығу мен жер бетінен жоюдың құрық бойлай алмайтын небір зымиян айла-шарғыларын ойлап тауып, ұлттық ой санамыз бен өн бойымызға шегелеп сіңіруге өлермендікпен бар күшін салды. Осылардың салдарынан көшеден тауып алған қызбен танысып, ғашықпын деп, сүйдім, күйдім, жандым деп үйленеді де, артынша бір жетіден асар-аспас уақыт ішінде айырылысып кетуді дәстүрге айналдырдық. Бұл – сұмдық! Адамзат баласында бұдан асқан жүгенсіз қасиетсіздік пен қадірсіздіктің болуы, әлемдік қасірет пен масқара сорақылыққа тап болуымыз мүмкін бе ағайын? Осылардың кесапаттарына жүгенсіз бассыздықпен ұшыраған ұл өзінің әке-шешесін шаш-етектен ауыр қарызға батырып, айықпас қасіретке тығып, қаңғыбастық жолға түсіп, ақыры біреудің есігінде құл болып жүргендеріне мәз. Сорымызға қарай олар ұлттық тарих, мәдениет, тектілік, кісілік, Отан, тәуелсіз елдік деген ұлы ұғымды білмейді, болашақты дұрыс түсінбейді. Әке-шешелеріміз, ата-әжелеріміз өз ұрпақтарына күнделікті тіршілік аясында жасап жүрген жүгенсіз қастандықтарын, сорақылықтарын ұқпайды. Көпті көрген абыз қариямыз Д.А.Қонаев айтқандай «Жиырмасыншы ғасыр таңғажайып ғасыр, тарих үшін қызықты, ал замандас үшін қасірет ғасыры» болғаны, ал ХХІ ғасыр сіздер мен біздер үшін «Қасірет ғасыр» деу жеткіліксіз болар ма екен деп алаңдауым неліктен.
Ерлік өлім ерлерді көбейтеді
Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран, ұлтқа қалқан.
Ақиқатты ашық айту – ардың ісі. Кешегі өткен тарихи сахнада «еркектер пен әйелдер тең құқықты» дегенді желеу ете отырып, ордалы отбасының отағасы, әйелдің сүйенер діңгегі, беделі таудай азаматы атанған еркек атаулының рухын аяққа жаншып, ақыл-есінен айырып, ез етудің, құлға айналдырудың рекордын оздырудың арқасында отбасындағы кемел де кемеңгер көсемдігі мен отағасылық ұлы құдіретінен де, ұлттық жауапкершіліктен де толық айыру бағытында теңдессіз жанталасты іс-әрекетпен үйлестірді, ұйымдастырудың ұтқырлығын бұрынғыдан да бетер оздыра түсті. Ал ақылсыз, парықсыз, тәрбиесіз, тексіз, кеще... әйел біткенді шектен тыс ешіртіп, сұрқиялы сайқалдыққа бейімділігін үнемі жетілдіре отырып, оның ықпалын еселеп күшейте отырып, отбасына опасыз би етудің, имансыз етудің арқасында үстемдігін арттыра түсу арқылы олардың отбасындағы аналық даналығы мен ұлағатынан айырды. Бала тәрбиесіне қатысты ұлағаты зор тәрбиешілдік пен ұстаздық құдіретін жойып, қатыгездік, қайырымсыздық, сұрқиялық атаулының қасіреттерін ұштап оздырды. Өңшең билікке құмар әйел арқылы қазақ отбасының шырқын бұзудың, ұрпағын аздырып, құл жасап, құрдымға жеткізудің дәстүрлі қасіреттерін орнықтырды. Ұлттық құндылық (ата тіліне, дініне, діліне, салт-дәстүріне...) атаулыларға қарсы күйде жүргендіктен, ата-бабаларының аруақтарына қарсы жолда жүргендіктен, ондай ұрпақтарымыз, әсіресе қыздарымыз – өле-өлгенше бақытсыз күй кешеді. Өйткені олар Алланың рахымынан құр қалып, тек қаһарына ұшырап жүргендерін мүлде түсінбейтін – көрсоқыр, кеще, надан, мәңгүрттер. Бұндай бақытсыз адамдарды кешегі есті де текті қазақ «көрдемше» деп атағаны әлімсақтан аян. Әлбетте, бұндай көрдемшелерден тек қана көрдемшелер туатыны, жүгенсіз өрбіп, өрісі кеңейе түсетіні айтпаса да түсінікті. Айталық, бүгінгі таңда ұлтсыз, опасыз, сатылымпаз, тәрбиесіз, жексұрын қыздарымыз шетелдік еркекке күйеуге шығудың дәстүрге айналуы, әсіресе қытай еркектеріне шығуы шектен тыс ушығып бара жатуы міне осыдан. Өйткені біреудің қаңсығы – біреуге таңсық. Бұл – бір. Екіншіден, қолда бар алтынның қадірі жоқ. Үшіншіден, болған сайын бола түссем деген ашкөздік. (Бұл ауқатты отбасылардың қыздарына тән көрініс). Төртіншіден, өзгенікіне деген әуестік, тәрбиесіздік... Яғни бір жолы болса да шетелдің дәмін татып көрген қыздар өз еліндегі әлеуметтік тапшылық пен әділетсіз құрылымның тауқыметін тартқысы келмейді. Ондағылардың бәрі «жұмақта» өмір сүретіндей көрінеді. Бәрін кинодағыдай елестетеді... Ертеңгі күні өмір бойы өкінумен өтерін білмейді.
Ақырында көреген кемел кісіліктен, текті адамгершіліктен ажырап қалған әйел – өз ұл-қыздарын шұғыл түрде жаңғырту, асылдандырудың арқасында ғана өзінен, ата-бабаларынан оздыра білудің ауадай қажеттігін мүлде ұқпайды. Түсінгісі де келмейді. Бүгінгі таңда өңшең ұлтсыз, арсыз, намыссыз, опасыз... қысқасы жүгенсіз қыздарды қаулатып жатқандар да, міне, осылар.
Ақыр аяғында ұлттық генофондық тұқымымыздың текті кемелдігін де, ұлы ата салт-дәстүрлеріміздің тұнығын да бұзды, олардың теңдессіз құдіретін қайта қалпына келмейтіндей етіп, түбегейлі жоюға барын салуда. Мәселен, бүгінгі қазаққа Ресей империвсы қолдан әрі қасақана жасалған ашаршылықтарды, неше түрлі тәркілеу, халық жауы, Американың, Жапонияның тыңшысы, жер аудару сияқты зобалаңның талайын бастан өткерген байғұс халық рухы тапталған, әр нәрседен қорқып, өз көлеңкесінен үркіп отыратын және Мәскеу не айтса соны істейтін қараңғы тобырға айналдырылғанын айтсаң да түсінбейді. Қалай дегенде де қазақ елінің, әсіресе қазақ ұлтының бас көтеруге жарайтындарын, бетке ұстауға тұратын ұлттық рухы асқақ қаймақтарын шетінен аяусыз атты, дарға асты, ит төзгісіз ит жеккенге айдады. Бұл бүткіл елдің үрейін алып, ұлтты, ұрпақты өз көлеңкесінен қорқатын өңшең үркек, қорқақ езге айналдыра түсуді үдетті. Сонымен бірге түрліше саяси науқандар – елді ұр да жық обыр күшімен ұжымдастыру, тың жерді игеру, космосты меңгеру, мал шаруашылығын бұрынғыдан да бетер алға оздыру, әсіресе қой-ешкінің санын 50 млн-ға жеткізу... деген сияқты сан алуан қитұрқы саяси науқандар арқылы байырғы қазаққа қарсы аса ауыр ықпалдарын өршіте түсті. Басқа елдің түрмесінде отырған, жүрген жеріндегі адамгершілікке қатысты дүние біткенді азғындатпай қоймайтын өңшең қылмыскерлерді қазақ еліне әкеліп төкті, қазақтың арасына сыналап сіңірді. Сөйтіп азғындатқыш арақ пен темекінің ұлтты көктетпес уларына шектен тыс жүгенсіздікпен бөктірді. Бұлардың бәрі ақыр аяғында киелі Жердің, қасиетті Елдің, күрескер Ердің қамы үшін, ұлт, ұрпақтың бүгінгі және болашақ қамы үшін бір жұдырыққа жұмылып, жанқияр бірлікпен жымдаса жүріп, қаһарман белсенділікпен ұтқыр өмір сүре білуге һәм қазақтың бастары өлсе де қосыла алмайтын ең апатты жағдайға жеткізді. Қазақ халқының әу бастағы жаратылысына, тарихи мәдениетіне, ата салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына мүлде жат жетім баланың және тастанды баланың, ұл-қыздары туған әкесін бақпай, қараудан бас тартып, көшеге қаңғытып жіберген жетім қарттардың санын көбейтудің сұмдық үрдісі өршіп барады. Кеңестік дәуірге дейін біз жетімін бауырларынан, руласынан айырып жылатпаған, жесірін ешқайда да қаңғытпаған теңдесі жоқ ұлы ұлт емес пе едік?! Жетімді өзінің туыс бауырларынан, руласынан айыру, бұл – ауыр қылмыс. Ендігі жерде, ХХІ ғасырда жазықсыз жандар саясат құрбанына айналмасын! Әлбетте, биліктің құрбандыққа айналдырмайтын кепілдігі зор болса игі. Жер тағдырына қатысты, тәуелсіз елдік, ұлттық, халықтық мүддеге қатысты, әсіресе отбасы құндылықтары мен ұтымды мүмкіндіктерін заман талаптарына сай жедел түрде жетілдіруге, асылдандыра түсуге, оздыруға қатысты көкейкесті өзекті де, өткір мәселеге келгенде қазақ қауымы бір кісідей жұмылып, қатаң талап ете білуде неге қаһарлы да өктем батырлықпен қасқайып тұрып айта алмаймыз? Шындығына келсек, біз, һәм қазақ бүгінгі және келешек ұл-қыздарымыз бен немере-шөбере және шәкірттеріміздің тағдыры үшін, бүкіл ел, ұлт, халық қамы үшін бір кісідей жұмылып, тас түйінге айналған жұдырықтай болып, теңдесі жоқ дәрежедегі жанқияр күрескерлікті жаппай қаулата алмай отырмыз. Неге? Сонда біз, қазақ қандай ұлтпыз осы?
Міне, бұлардың бәрі сайып келгенде, аңқаулығы мен аңғалдығы, ақ көңілдігі мен дарақылығы зор ысырапшыл қазақ халқы, оның ұрпақтары алаулатқан опасыз ұранға құдайдай сеніп, үлкен-кішісіне қарамастан лезде жаппай ұлтсызданды, тексізденді, мәңгүрттенді, ар-намыссыз дүбараға, құл-құтанға айналды, ұлт, халық, ұрпаққа қарсы бағытта жүруді оздыра түсуден әрі аса алмайтын сыбайлас сатылымпаз, опасыз, ұлтсыз «тұлғалар» мен ақсақалсымақтар шектен тыс қаулады. Осылайша қазақ ұлты құздан құлаудың жиегінде тұрған шақта, жер бетінен жоқ болудың сәл алдында тұрған тұста, Жаратушы Ұлы Иеміз Аллаһ Тағаланың қолдауының арқасында мызғымас Кеңестік билік өзінің тұғырынан құлады және оның зиянды алапат қуат көзіне ие болған қаһарлы күші өзінің ықпалды қуаттарын азайтуға бет алды. Бірақ...
Алайда қазіргі таңда қазақ ұлты тәуелсіз ел атанғанына 26 жылдың жүзі болғанымен ұлттық шаруамыз оңалмай тұрғаны, ұлттық айымыз оңынан тумай тұрғаны өкінішті. Өйткені, біз керісінше елдік, ұлттық, халықтық мүдде атаулыны аяққа таптап, қолдағы теңдесі жоқ ұлттық бар байлық пен ұтқыр мүмкіндіктеріміздің бәрін де басқа мақсаттың жолына және оның саяси ұпайларын еселей білудің қамы үшін ғана шашылып жатқан, кім көрінгенге жүгенсіз жем болып, олардың табанының астында шектен тыс жаншылып жатқан елміз. Ұлтымыздың ұлылары емес, өзгенің құл-құтаны төрімізге шықты. Олай болса, бізге, бүгінгі қазақ қауымына мықты да білікті билік керек емес пе, сойдай-ақ байтақ елге, ұлтқа, халыққа, әсіресе өрбіп жатқан ұрпақтарымыздың бойында асқақ рух пен ұлттық намыс жоғары дәрежеде болуы керек емес пе?!. Елдігіміз қайда?
Баяғыда асқан әулие, көріпкел Мөңке би Тілеуұлы (1675-1756 ж.ж.) түс көріп, сол түсін Сырым батырға жорытпақ болады. Сырым түс жорудың жолын Мөңкенің ұзатылып кеткен қызына беруді ұйғарады.
Мөңке бидің қызы: «Маған түс жорытқандарыңыз қате болды, күндердің күнінде әйел билеген заман келеді. Ол заманда әйелден ұят кетеді, еркектен намыс қашады, менің үш рет шақырғанда зорға келуімнің сыры осында еді» депті. Бүгінгі бізде бұл қасіреттің төркінін жан-жақты терең түсіне алатын, ұлт, халық, ұрпақ қамы үшін жанқиярлықпен күресе алатын кемеңгер көсемдік бар ма? Расында да бұл қазіргі ХХІ ғасырдағы ұлттық қатерлі қасіреттеріміз бен алапатты қауіптеріміздің ең зоры да, ең жойқындысы да, міне – осы.
Қалай дегенде де, «Жыланды үш кессең де, кесірткелік қауқары бар» демекші, кеше өткен Кеңестік дәуірдің шектен шыққан сан алуан түрлі опасыз қасіреттерінің зардаптары әлі күнге жойыла қоятын түрі жоқ. Тіпті қазіргі таңда тәуелсіз атанған қазақ елі, ұлт, ұрпақ кешегі Кеңестік дәуірдің өлшеусіз уын ішудің қасіретінен тезірек арылтуға бағытталған ұтқыр жобаларды көрудің ауылы тым қашық сияқты. Сол себепті әркім өз болашағына өзі жауап беретін аса ауыр кезеңде өмір сүріп жатқандықтан, біз сеңге соқтығысқан балықтың күйін кешіп отырған елміз. Ол ол ма, «Өз күніңді өзің көр» деп отырған сауатсыз, дәрменсіз, тексіз, біліксіз... солақай биліктен қайыр жоқ. Өйткені жікке топтасып, жүзшіл руластық, сыбайлас-жемдестік және отбасылық-кландық басқарудағы ең бір маңызды фактор – ел, ұлт, қоғам санасы мен өмірлік тіршілігіне қатысты ең ұтымды өзгерістерді енгізудің ауадай қажеттілігін ескермейтіндігі өте ауыр қасірет екені анық. Бодандыққа қарсы бұлқыныс жоқ. Отарлық, бодандық халден біржола құтылу үшін Тәуелсіз елдігіміз бен кемел ұлттығымыздың, ата тіліміздің құдіретін теңдесі жоқ дәрежеде аспандата білудің ұлы мақсатында бәріміз бір кісідей жұмылып, жанқиярлықпен күресе білуіміз керек! Өкінішке қарай осындай жанкешті күрескерліктің болмауы кесапатынан өзіміздің ұлттық байлығымыз – өзімізге әлі күнге бұйырмай тұр. Бірақ...
Алаш баласы не істемек керек?
«Адам жер бетінде бай болу үшін емес,
бақытты болу үшін өмір сүреді».
Бейль Стендаль.
Келешегім, Алаш баласы, киелі Жеріміз бүтін, қасиетті Еліміз аман, ұрпақтарымыз ең бақытты ғұмыр кешсін десек...
Өмір дегеніміз өліменен үнемі жарыса білуді оздыру, яғни сұңғыла қыранға айнала жүріп, шыңнан да әрі асқақ биіктерде самғай білу. Ең бастысы – ұл-қыздарымыз бен немере-шөберелерімізді ерекше мүдделі құлшыныспен қалай болған күнде де бақытты ете білудің мақсатында біз, Алаш баласы, жаппай атқа қона білуіміз керек. Байлықты қолдан жасап алуға, оны көбейтуге болады. Ал ұрпақтарымыздың бақытына ешқандай байлық жетпейді. Бүгінгі және келешек ұл-қыздарымыз бен немере-шөберелеріміздің өмірлік баянды бақытын ақшаға сатып ала алмайсың. Оны сатып алу мүлде мүмкін емес. Олай болса, өмірлік бақытты дүниемен өлшемейік, ағайын!
Рухани иман мен білім-ілім – адам бойындағы ізденімпаз текті даналықты, кемел кісілікті, ойшылдықты, бекзаттықты оятып, қатар-құрбыларынан, замандастарынан оқшау оза түсуді арттырады. Ендеше, ендігі жерде, ағымдағы уақыттың ағысында ұлттың бүгінгі және келешек тағдырын жан-жақты терең ойласақ, рухы асқақ ұл тәрбиелей білуде, көркем мінезді, ақылды да парасатты, әдепті қыз тәрбиелей білуде бүгінгі қазақтан ерекше қатаң жауапкершілікті талап ететінін айрықша ескере отырып, бәріміз де жанқияр дәрежемен күресуге міндеттіміз. Өйткені бүгінгі қазақтың тағдыры қыл үстінде тұрғаны әмбеге аян. Ендеше бұндай өмірлік ащы шындықты еш жерімізге жасыра алмайтынымыз әлімсақтан белгілі. Жойқын айдаһарлығы орасан зор әлемдік жаһандану мен ғаламданудың обыр үрдістері ешкімді де аямайды. Онсыз да қазіргі таңда қазақ елі ұры-қарыдан, сыбайлас жемқор мен парақорлардан жасақтауды оздырып отырғандықтан қайырымы жоқ қатыгез, қаскүнем, жабайы, опасыз қоғамға тап болдық. Бұл – факт.
Тәлім-тәрбие тамыры – салт-дәстүр екені даусыз. Қазақы тәрбиенің негізгі әдет-ғұрпымыз бен дәстүрімізден бастау алады. Сол себептен де жоғарыда атап өткен теңдесі жоқ бес прогрессивтік бағытындағы бастамашыл да жаңашыл ұлы ата салт-дәстүрлерімізді қайта қалпына келтіре отырып, оның ұтқырлығын оздыра білу мақсатында заман талаптарына сай оларды жаңаша жетілдіріп отырудың ұтқыр іс-шараларын шұғыл түрде қолға алуымыз ауадай қажет. Ең басты тағдыршешті стратегиялық мәселе – бүгінгі қазақ отбасында көрегенді де текті ірі кісілікке саятын кемел отағасылықты, кемеңгер көсемдікті, дана тұлғалылықты тезірек қалыптастыра білуге қатысты бәріміз де бір кісідей жұмылып, жанқияр дәрежемен атсалыса білуіміз аса қажет. Рухани жаңғыру – тәрбиеден бастау алғанда ғана қоғам оңға басады. Сонда ғана өрге өрлеу мен кемелдікпен өркендеудің жаңа тынысы жаңаша ашылады. Сонда ғана қазақ деген ұлттың ұлы көші мәңгілік елдікке бастайтын даңғыл да дана жолына түсетіні анық ақиқат. Әлемдік бәсекеге қабілетті ұл-қыздарымыз бен немере-шөберелеріміз көздегенін жығады, діттеген ұлы мұраттарына, өнегесі зор озық өркениетке басқа ел-жұрттан бұрын жетеді. Сонда ғана тәуелсіз елдігіміз бен кемелденген ұлттығымыздың тұғыры нықтала түсіп, көк Туы мәңгілікке көкте желбірейтіні даусыз.
Молдағали Матқан
Әлем халықтары Жазушылары Одағының мүшесі,
Халықаралық Мұстафа Кемал Ататүрік атындағы Алтын медалдің иегері,
қоғам қайраткері, публицист-жазушы, академик.
[1] Еділ (Аттила) – Ғұндардың көсемі, герман және т.б. тайпаларға билік құрып, Рейннен Волгаға дейінгі аймақта ұлы түрік державасын құрған билеуші.
Abai.kz