Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Экономика 4759 30 пікір 17 Шілде, 2018 сағат 10:07

Назарбаев: Теңгенің құбылуы халықтың әл-ауқатына әсер етпейді

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 16 шілдеде Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Кездесуде Назарбаев валюта-қаржы нарығындағы тұрақтылықты сақтау және экономиканы әрі қарай дамыту үшін елде қажетті жағдай жасалғанын айтты.

"Бірінші жарты жылдықта экономика төрт пайыздан астам өсті. Теңгені еркін айналымға жібергеніміз дұрыс болды. Белгілі бір деңгейде ауытқулардың болатынына үйрену керек. Бұл тұрғындардың әл-ауқатына әсер етпейді" деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ақышевтың айтуынша, теңге бағамының өзгеруіне Қазақстан халқы бейімделген.

"Теңге бағамының өзгеруіне әсер ететін негізгі фактор – Қазақстанның сауда-экономикалық нарығындағы валюталық-қаржылық жағдай. Екінші фактор – доллардың бүкіл әлем бойынша нығаюы. Бұл орайда, кәсіпорындар мен тұрғындардың мұндай құбылмалы бағамға бейімделгенін атап өту керек. Қазақстанда шетелдік валютаға деген сұраныстың төмендегені байқалып отыр" деді Ұлттық банк төрағасы.

Ақышев кездесуде негізгі көрсеткіштер бойынша Қазақстан қаржы нарығында тұрақты жағдай қалыптасқанын айтты.

"2018 жылғы маусым айының қорытындысы бойынша инфляцияның жылдық көрсеткіші 5,9 пайызды құрады. Бұл – соңғы үш жыл ішіндегі ең төменгі көрсеткіш. Ұлттық банк инфляция деңгейін 2020 жылға қарай 4 пайызға дейін төмендетуді көздеп отыр" деді ол.

Abai.kz

30 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3525