Жексенбі, 24 Қараша 2024
5761 0 пікір 15 Маусым, 2018 сағат 12:20

Халық өсімі – мемлекеттің басты байлығы

VII Астана экономикалық форумы мен Дағдарысқа қарсы II дүниежүзілік конференциясының пленарлық отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев демографиялық өсім беріп отырған елдердің мәселесіне назар аударуға шақырған еді.

«Әлемнің кедей өңірлері демографиялық тұрғыда қарқынды өсуде. 2030 жылға дейінгі аралықта Жердегі халықтың 90 пайызға жуық өсімі Африка мен Азия секілді екі өңірдің есебінен болады. Осы аймақтардағы халықтың кедейшілік деңгейі орташа есеппен 30 пайызға жуық көрсеткішке тең. Бұл өз кезегінде байлықты бөлудегі жаһандық теңсіздіктің артуына алып келуде»,-деді Мемлекет басшысы.

Біз бүгін Қазақстанның демографиялық өсімі жайлы аз-кем сөз қозғағанды жөн көрдік.

Әуелі ресми статистикаға көз жүгіртейік, 2018 жылғы 1 наурызға еліміздегі халық саны 18 195,9 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 10 452,3  мың (57,4%), ауылдықтар – 7 743,6 мың адамды (42,6%) құрады. 2017 жылғы 1 наурызбен салыстырғанда халық саны 240,3 мың адамға немесе 1,3% өсті.

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2018 жылғы қаңтар-ақпанда туылғандар саны 63,1 мың адамды құрады, бұл 2017 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 3,3% көп. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 21,35 туылғандарды құрады.

2018 жылғы қаңтар-ақпанда республика халқының табиғи өсімі 2017 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 3,1 мың адамға немесе 8,1% көбейіп, 40,8 мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 13,80 адамды құрады.

Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 22,3 мың адамды құрады, бұл 2017 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 4,4% аз. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 7,55 қайтыс болғандарды құрады.

2018 жылғы қаңтар-ақпанда республикада 1 жасқа дейінгі 587 нәресте өлімі тіркелді. 2017 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 8,5% көбейді.

Нәресте өлім-жітімінің негізгі себебі - перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар, бұдан 2018 жылғы қаңтар-ақпанда 261 нәресте қайтыс болып, нәрестелер арасындағы жалпы өлім санының 44,5% құрады. Туа біткен ауытқулардан 138 немесе 23,5%, тыныс органдары ауруларынан – 53 немесе 9%, инфекциялық пен паразитарлы аурулардан – 28 нәресте немесе 4,8% және жазатайым жағдайдан, уланудан және жарақаттан – 23 немесе 3,9% нәресте қайтыс болды.

2018 жылғы қаңтар-ақпанда нәресте өлім-жітімінің коэффициеті 1000 туғандарға шаққанда 9,31 құрады.

Халықтың көші-қоны

Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2018 жылғы қаңтар-ақпанда елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны 2017 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 17% кеміп, 2580 адам құрады. Елімізден кеткен көшіп-қонушылардың тіркелу саны 32,4% көбейіп, 4 537 адам құрады, көші-қонның айырымы -1 957 адам болды.

Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен болуда.

·         ТМД елдерінен келгендердің үлесі 77,2%;

·         ТМД елдерге кеткендердің үлесі 88,1% құрады.

Өңіраралық көшіп-қонушылардың үлесіне еліміздің жалпы ішкі көшіп-қонушылар санының 33,8% кұрады. Өңіраралық көші-қонның оң айырымы:

·         Астана қаласы – 3 127 адам;

·         Алматы қаласы – 6 668 адам қалыптасты.

Халық өсімі – мемлекеттің басты байлығы. Сондықтан да демографиялық ахуалды тұрақты зерттеп отыру болашақ үшін өте маңызды.

Елбасы «Қазақстан-2050» стратегиясында демографиялық мәселеге айрықша көңіл аударған. Демографиялық жағдай Қазақстан үшін әрқашан да маңызды мәселелердің бірі болып қала береді. Оның себебі – жеріміз ұлан-байтақ кең, ал халқымыздың саны әлдеқайда аз.

Демография – кез келген мемлекеттiң басты қазынасы, болашағы, тiрегi. Қайсыбiр мемлекет болсын, өз ұлтымен ғана толыққанды мемлекет. Шыны керек, демографиялық серпiлiстi бiздiң елдiң күткенi қашан. Дүйiм қазақ армандаған 20-25 миллионға қашан жетемiз? Қазақтың ендiгi арманы – халық санының көбеюi. Әрине, қараға батқан ханға да батпай қоймайтыны сияқты, Елбасы жыл сайынғы жолдауының бiр тармағын демографиялық ахуалға арнайды.

Оның iшiнде ана мен балаға арналған атаулы көмек, жәрдемақы, көшi-қон: оралмандар мен ата-мекенiне бiржола келетiн қандастарға көмек қолын созу сынды бiрқатар мәселелер сөз болады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3265
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5598