Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 6058 11 пікір 19 Шілде, 2018 сағат 11:38

Қазіргі қазақ - сенгіш, еліктегіш, есірік...

Апам маған: «Алақаның ашық  болмасын, көңілің ашық болсын, - деуші еді. Ашық алақанда су да тұрмайды, зат та желге ұшады, түсіп қалады. Алақаның ашық та, жабық та болмасын, су да, зат та тұрытындай бүрік, қордалы болсын.

Ал, көңілің жабық болса жаныңа жан жуымайды. Көңілің ашық болса жақсылар ғашық болады. Көруге, сөйлесуге, сырласуға асық болады», - деуші еді. Қазір ойлап қарасам анам біліп айтқан екен. Ғасырлар бойы қазақтың алақаны ашық, жаны жомарт деп көршілері де, келімсектер де иектеумен болды. Нәтижесінде басынып, басымызға шықты, құрметтеуден қалды. Төрден төменге ысырды.

«Біздің түбімізге екі нәрсе жетті, - депті ғұлама бабамыз Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлы («Түп-тұқияннан өзіме шейін» 9-бет), - Бірі тым жауынгерміз. Жауға жаппай шаптық та, жаулап алған жерімізге сіңіп кеттік... Біздің түбімізге жеткен екінші жай – ол біздің ақкөкірек, сенгіштігіміз». Ғұламаның сонау 1776 жылдары, осыдан үш ғасырдан астам бұрын  айтқан осы сөздері құдай-ә тауба, күні бүгінге дейін маңызын жоймаған екен. Қыпшақтар (қазақтар) орыс княздарына салық төлеттіріп, билігі жүріп тұрғаннан бері солардың дегенін деп, жегенін жеп біртіндеп орысқа айнала бердік. Біздің дәуірдің жиырмасыншы ғасырында, яғни менің ғасырымда ғұлама бабамыздың айтқандары айдай келді. Қырық пайыз тілімізден, дінімізден, ділімізден айрылдық. Ия,  жауынгер болдық, бірақ қулық-сұмдықтан, аярлықтан, яғни саясаттан ада болдық. Ақкөкірек болдық. Ашық алақан болдық. Сенгіш, еліктегіш, есірік болдық. Сол менталитетімізді пайдаланған келімсектер басынғаны сонша, өз жерімізден өзімізге үй-жай саларлық алақандай орын  бермеді.

Ата-бабамыз ғасырлар бойы қанын төгіп бізге қалдырған атамекенімізге енді өзіміз «жат болдық». Ақырында келіп үйсіз-күйсіз, келімсектердің есігінде қалдық. Тапқан-таянғанымызды солардың аузына тосып, пәтер жалдап күн кешудеміз. Қожайынға жалтақ, жанымыз салтақ болып өсудеміз. Үлкен қалалардағы қазақтардың басым көпшілігі, әсіресе жастарымыз осындай халде. Тәуелсіз елдің ұрпағымыз деп кеуде керіп, құлдық санадан арылуға мүмкіндік жоқ! Сананы тұрмыс билеуде. Өз үйің, өз жәйің, өз төрің болмаған жерде күнің үшін амалсыз жалтақтаумен боласың. «Мемлекет - қазақтікі,  үй - өзге ұлттікі, базар - басқанікі, жер -  біздікі» деген келімсектерге не айтарымызды білмей жерге қараймыз. «Алақаны ашықтың – арты ашық» дейді заманауи тағы бір мақал. Өмірдің өзі туғызған мақалдар. Сонда да өзгелерге еліктеп-солықтауды қоймаймыз. Енді ағылшынға телініп, соның  тіліне емініп барамыз. Бұл жол бізді төрге шығара ма, жарға жығып, көрге тыға ма, онда шаруамыз жоқ.

Әзірге алақанымыз да, артымыз да ашық...

Исламғали Үркімбайұлы, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5417