Қазақ барда - Қажығұмар тірі!
Қазақтың өзіндей қайсар, өр, әділет пен ақиқат сүйгіш әрі соның жолында алтын басын бәйгеге тігіп, өмірі күреспен өткен Қажығұмар Шабданұлы Алаштың зердесінде жақұттай жарқырып тұрары анық.
«Иә, Алла, Азаттық», деп атқа қонып, ғазиз ғұмырларын сол жолда сарп еткен ұлт тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі - қазақтың Қажығұмары.
Ойлап тұрсақ, жат пиғылды жаулаушы мен отарушының қазақ жасамаған қастанды қылмысы қалмаған екен. Қажығұмар Шабданұлының «Қылмыс» романын оқыған жанның соған көзі жетер һәм ағайын арасы, ел ішіндегі түймедей дүниенің түкке тұрмасын сезеді. Ұлы күрес - ұлт үшін, оның мүддесі, арманы үшін күрес. Қажығұмар Шабданұлының көзі жұмылғанша қамауда өткен өксікке толы өмірі соның айғағы. Тіпті, оның өлімінің өзі оны өл-өлгенше табан аудартпай аңдығандарды үрей пен қорқыныш құшағында қалдырды. Туған топырағы бұйырмады. Бірақ, сөзі жетті. Үрім-бұтаққа үлгі болатын өмір жолы жетті. Ұрпағы әке арманын арқалап оралды. Көңілге медет. Қара орман халқы жоқтап жатыр.
Ақпанның жиырма екісінде Алаштың азапкер азаматы, қазақтың қайсар, өр ұлы Қажығұмар Шабданұлына туған жұрты, қалың елі қазағының атынан ас берілген. Асқа қазақтың игі жақсылары, зиялы қауым, ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері, саяси партиялардың өкілдері, қоғамдық ұйым жетекшілері, журналистер, қалың ел қатысты.

Қажығұмар Шабданұлының рухына бағышталып берілген асты - Abai.kz ақпараттық порталы, Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы қор, Ерлан Қарин, Ораз Жандосов сынды ұлт жанашырына айналған азаматтар ұйымдастырды.
Қазақ бар да - Қажығұмар тірі!
Қабдеш Жұмаділов, халық жазушысы:
-Шыңжаңдағы қазақтың жаңа әдебиетінің негізін салушылардың бірі болған Қажекеңе бұл дүниеде бұралаңы көп, тағдыры аса қиын өмір бұйырды. Оның түрмеде отырған ұзақ қысқа мерзімдері мен үйқамақта отырған уақытының бәрін қосып санағанда қырық жылдың үстіне шығып кетеді. Мен біраз жұрттан сұрастырып көрдім, өмірінің қырық жылдан астам уақытын тұтқын болып өткізген жазушы дүниежүзінде жоққа тән екен.
Қажекеңді күрескер, қайсар жазушы деп атаймыз, ал ол сонысы үшін азап тартқан шын мәніндегі азапкер жазушы еді. Қытай билігі оған «халық жауы, қылмыскер» деген айдар тағып, соттады. Қылмыскер атанатындай ол адамға қиянат жасап, біреуді ұрып-соғып немесе кісінің ала жібін аттаған емес. Оның бар «қылмысы» - өз ұлтының сөзін сөйлеп, қазағына теңдік сұрап араша түскені, сонысы үшін ұзақ жылдар түрме тауқыметін көріп, бақилық болғанша биліктің қатаң бақылауында болды.
Қажығұмар Шабданұлы 86 жасында бұл пәниден өтті. Әдетте қазақ бұл жасқа келіп, өмірде бала сүйіп, артына ұрпақ қалдырған адамның арманы жоқ деп жатады ғой, Қажекең де ұрпақсыз емес, шүкір. Бірақ оның көзі тірісінде аңсаған ең үлкен арманы орындалған жоқ - кіндік қаны тамған туған жерге жете алмай кетті. Елге оралуға жәрдемдесуді өтініп біздің елдің президентіне екі дүркін хат жазды, ол өтініш туралы «Қазақ әдебиеті» газеті де жариялады. Президенттің құлағына жетпеді, қолына тимеді деп айта алмаймын, мүмкін емес. Тиді. Бірақ қол ұшын берген ешкім болмады.
Жұмабек Өсерұлы, Қажығұмар Шабданұлымен Тарым лагерінде айдау бірге болған азамат:
- Бақыт деген күрес деп білетіндер үшін Қажыағаң бақытты адам. Өйткені бүкіл өмірі өзінің ұлты, халқы үшін күреспен өтті. Ел аузында «Көп сұрайды, азға разы болады» деген сөз бар. Қажыағаң Отаныма келсем, осы жерде еңбек етсем, елге жерленсем деп көп сұрады. Бірақ бұл сұрағаны ол кісіге бұйырмады. Енді міне туыс-достары, ағайын-жұрт жиналып оны еске алып жатыр екен, мен білетін Қажыағаң туған жерінде өзіне деген осы құрметке де разы болар еді. Өйткені, ол нағыз ер болатын.
Мұхтар Шаханов ақын, қоғам қайраткері:
-Қажекең - ұлттық мүддеге қызмет етіп өткен қазақтың дарабоз ұлы. Сол Қажекеңнің шығармаларын Отанына әкеліп, отымен кіріп, күлімен шығып жүрген Қабдеш Жұмаділов ағамызға ылғи да қарыздармыз және алғыс айтуға тиістіміз.
Қажекеңнің бір шығармасын 1988-ншы жылы Нұрқасым Қазыбеков әкеліп берген. Ол кезде «Жалын» журналы 150 мың тиражбен шығып тұратын. Сол шығарманы біз журналға басып едік. Сөйтіп, қазақ баспасөзінің ішінде Қажекеңнің шығармасын бірінші болып жариялағанбыз.
Қажекеңнің өзі де Отанына оралғысы келетінін айтып хат жазды. Біраз іс-шаралар жасалғанымен одан нәтиже шықпады. Ол кісі дүние салғаннан кейін де сүйегін әкелсек деген талпыныстар болды. Бірақ та оның да сәті түспеді.
Қазір шындығын жоғалтқан адамдарда есеп жоқ. Ал, Қажығұмар сияқты ағаларымыз шындығын жоғалтқаннан гөрі қырық жыл түрмеде жатқанды артық санады. Ең басты мәселе - шындықты сақтап қалу. Ұлттық рухты сақтап қалу. Міне, осындай үлкен істерде бізге үлгі болатын бірден бір адам осы Қажығұмар ағамыз. Топырағы торқа болсын. Жұлдызы ылғида рух биігінен жарқырай берсін.
Сұлтанәлі Балғабаев жазушы, драматург:
-Бұрын Қытаймен шекара мүлдем жабық болды. Қазір жұрт жайлап келіп жатыр. Түбі бұданда жақсы болады деп үміттенеміз. Смағұл Сәдуақасұлының да сүйегін Ресейден әкеліп жатырмыз ғой. Сол секілді Қажыағаңның да сүйегі туған топырағына жетеді деп ойлаймын. Қажағаңның шығармаларының елге жетуіне дүниежүзі қазақтары қауымдастығы шамамыз жеткенше үлес қостық. Алты томдық «Қылмыс» романын және оның алдында тағы бір кітабын шығардық.
Бәріңізге рахмет! Ас беріп отырған жігіттерге мың алғыс!
Нұрлан Оразалин, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы:
Ал, бауырлар, Қажекеңнің аруағын сыйлап, рухына тағзым жасап келіп отырған сіздерге ол кісінің замандасы, әріптесі, інісі ретінде көңіл айтуға рұқсат етіңіздер. Қайғы бәрімізге ортақ.
Қажекеңнің өмірі - шекараның арғы бетімен, бергі беті ғана емес, жиырмасыншы ғасырдың соңғы ширегі мен жиырма бірінші ғасырдың басындағы әлемнің біраз жеріне тарап кеткен сиерк кездесетін тағдыр болды. Қайтеміз, біз бағынбайтын елдердің қыспағына түскен, тыңдамайтын империялардың талқысына түскен тағдырлы халықпыз. Қажекенің тағдыры да солай болды.
Арманы елге келу еді. Келе алмады. Бірақ, түрмеде қиналып жатқан кезінде қаламгерлер бір ауыздан қолдап, халықаралық «Алаш» сыйлығын берген едік. Ұлы кісінің аруағы ұлы жұртын қолдап, қоршап жүрсін! Қажекең әдебиеттің төрінде қалатыны даусыз. Тағдыры бізге ащы сабақ. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын!
«Абай-ақпарат»