Сенбі, 23 Қараша 2024
3541 0 пікір 24 Шілде, 2018 сағат 10:05

АҚШ-тағы қырғыздар марқұм Уланбек Эгизбаевтың отбасына ақша жинап жатыр

АҚШ-та тұратын қырғызстандықтар қайтыс болған журналист Уланбек Эгизбаевтың отбасына ақша жинап жатыр. Акция Gofundme порталы арқылы жүріп жатыр.

Бүгінгі күнге дейін ұйымдастырушылар 470 доллар жинаған. Олар отандастарын Эгизбаевтың ата-анасы мен әйелінің қайғысын бөлісіп, материалдық көмек көрсетуге шақырып жатыр.

Азаттықтың қырғыз қызметінің тілшісі Уланбек Эгизбаевтың өлімі суға батып кеткеннен болған. Бұл жөнінде Бішкекте өткізілген сот-медициналық сараптаманың қорытындысында айтылған. ІІМ мәліметі бойынша, жүгері сатушылар пирстан 20 метр қашықтықта су бетіне бір шығып, бір батып бара жатқан адамды байқаған. Бастапқыда олар осылайша суда ойнап жүр екен деп мән бермеген. Бірақ өзен ағысымен ағып бара жатқанын байқаған соң барып, құтқарушыларға хабарлаған.

Алдын ала мәлім болғандай, Уланбек Эгизбаев әйелімен пансионат бөлмесінің кілтін әкімшілікке тапсырып, кетерінің алдында тағы бір суға түсіп келейін деп, өзенге шомылуға кеткен екен.

Азаттықтың қырғыз қызметінің тілшісі Уланбек Эгизбаев Ыстық көлде отбасымен демалуға барған кезде қаза тапты. Ол небәрі 28 жаста еді. Жастығына қарамастан Уланбек журналистік зерттеу жанрына үлкен үлес қосып кетті.

Уланбек Эгизбаевты жерлеу рәсімі 24 шілдеде өзі туып-өскен ауылы Нарын облысы Кочкор ауданының Кок-Жар ауылында өтеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377